«ТАЙШЫҚ, СЫЗДЫҚ ЖӘНЕ АХМЕТ СҰЛТАНДАРДЫҢ ӘҢГІМЕСІ».
Нұрлан Салтаев
«ТАЙШЫҚ, СЫЗДЫҚ ЖӘНЕ АХМЕТ СҰЛТАНДАРДЫҢ ӘҢГІМЕСІ».
1860 жылдың қараша айында, Қаратау тауларының етегінде орналасқан Қоңыраттың ауылында Кенесары ханның ұлдары - 33 жастағы сұлтан Тайшық, 23 жастағы сұлтан Сыздық, 17 жастағы сұлтан Ахмет үлкен ақ киіз үйде жатты. Үйдегі үндемейтін қызметші әйел ағаш тостақтың ішіндегі қымызды сүйекпен көмкерілген ожаумен қайта-қайта толтырып алып, ағынды қымызды сапырып, ыдысқа құйып жатты. Қымыз көбіктеніп, балғын иісі ағайындылардың мұрнын жарды. Ағайындылар үндемей, олардың басты мақсаты осы сияқты, қымыз ағынына тамсанып қарап жатты. Әңгімені бастау керек еді, бірақ үнсіздікті бұзуға ешқайсының батылы бармады. Ағайындалардың әкесі, Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесарының қайтыс болғанына бір мүшелі жас яғни он үш жыл өтіпті. Кенесары хан жиырма жыл бойы орыстарымен соғысып, Абылай ханның кезіндегідей, Қазақ хандығын қайта құруды жоспарлап, Қоқан мен Хиуа хандықтарын, Бұхара Әмірлігі мен бүкіл қазақтарды жинап Ресей империясына теңесіп, қарсы тұру үшін біріктіруді армандаған. Ержүрек Кенесары өз жерін қорғап, қазақтарға қарағанда орыстармен одақтасуды тиімдірек деп санаған қырғыздардың қолынан қаза тапты, Кенесарының басы Сібір генерал-губернаторына Омбыға жеткізілді. Кенесары хан қайтыс болғаннан кейін 1847 жылы Қазақ хандығы жойылып, Батыс және Солтүстік Қазақстан Ресей империясының құрамына кірді, Ұлы жүз - Қоқан хандығының құрамына, ал Кіші жүз руларының бір бөлігі - Хиуа хандығының құрамына кірді. Тайшық, Сыздық, Ахмет сұлтандар Қоқан хандығына бағынатын қоңыраттардың арасында оларды және оларға бағынатын төленгіттерді барлық салықтардан босату шартымен қоныстанды. Олар мұсылманша білім алды, сұлтандар атағына сәйкес әскери қызметке кірді және Қоқан ханы барлығын "пансат-башы" атағына дейін көтеріп, әрқайсысының қарамағына 500-ден шабандоз берді. Тайшыбек батыр Алматыны қорғап, алғашқы рет орыс әскерлерін жеңгенімен, қайта жеңіліске ұшырап, оның бекінісі жойылды. Бір ай бұрын өзбектер, қыпшақтар, қазақтар, қырғыздар мен тәжіктерден тұратын Қоқан хандығының біріккен әскері Қанаат- ша басшылығымен Алматыны кәпірлерден босату үшін үлкен жорыққа шықты. Бірақ Узын-Агаштың қасында орасан зор әскерлері, Ресейдің тұрақты әскерлерінен жеңіліске ұшырады, себебі Қоқан әскерлерінің арасында келіспеушілік әсер етті және қатаң тәртіптің болмауы, қолдағы ескі қару-жарақ, әрине ең алдымен артиллерия мен атыс қаруының жоқтығы. Орыстар Алматыда нық орналасып, шығыстан Әулие-Атаға жақындады, ал Солтүстік-Батыстан Түркістанға қауіп төндірді. Сұлтан Тайшық үнсіздікті бұзып: "Сұлтандар, ет пісіп жатқанда, біз ауылды аралап қайтпаймыз ба?». Сұлтандар Тайшыктың орыстардың да, Қоқан билеушілерініңде тыңшыларынан қорқатынын түсінді. Ең жастауы Ахмет өз атына бірінші мініп, шауып кетті де, содан кейін Тайшық пен Сыздықта аттарына секіріп мініп ізінен жол тартты, күзетшілері арқанның ұзындығындай арақашықтықты сақтап құрметпен ізінен жүрді. Мүмкіндігінше тыңшылардан сескенбейтін қашықтыққа кетіп, сұлтандар бір жерге тоқтады. Тайшық ағаларының көзіне тік қарап, олардың жанын ұғынғысы келгендей, ниеттерін түсінуге тырысқандай болды. Сұлтандар, Шыңғыс ханның ұрпақтары болғасын, оның көзқарасына төтеп беріп, үлкен ағасының әңгімесін күтті. "Сұлтандар, мойындауымыз керек, Қазақ хандығы жоқ және болмайды да, әкеміздің армандаған ісі, оның жаны жұмақта болсын, жоғалды. Мен Ресей империясының қызметіне ауысу туралы шешім қабылдадым", - деді Тайшық, бұл айтқан сөздері оған қаншалықты қиын болғанын түсінуге болады. Сыздықтың көздері от шашты: "Сұлтан Аға! Біз әкеміздің ісіне қалай опасыздық жасай аламыз? Біз оның балалары емеспіз бе? Біздің бойымызда әлемнің билеушісі Шыңғысханның таңғажайып қаны ағып жатқан жоқ па? Ата-бабаларымызға лайық болайық!» - деді. Тайшық тіл қатты: "Біздің даңқты ата-бабаларымыздың соғысатын мақсаты жеке билікте емес, шекараның тыныштығы мен халқымыздың байлығын қамтамасыз ету болды. Егер біз мұсылман халқын соғысқа көтерсек, әкелеріміз шайқаста қырылса, онда балаларын кім асырайды, әйелдер мен қарттарға кім қамқорлық жасайды? Егер аман халық қалмаса, жеңістің мәні неде?». Сыздық былай деп жауап берді: "Орыстар біздің халқымыздың жақсы өмір сүруі үшін емес, өздері үшін жерімізді жаулап алды. Аз уақыт өткен соң, бізге Аллаға сенуге тыйым салынады, бізді мал сияқты сата алатын барлық орыстар сияқты шаруаға айналамыз. Өлсек, еркіндікте қазақ болып өлейік!». "Сұлтан Сыздық өзіңізде өле аласыз, бірақ балалардың тағдырын қалай шеше аласыз? Мойынсынуда ұят жоқ, ең болмаса балаларымыз тірі қалсын", - деп сендірді Тайшық. "Сұлтаным, капірлерге бағыну, бұл тек өлімді уақытша алыстату, елу жыл өткен соң, олар қазақтарды қыра бастайды, сол кезде қарсы тұруға күш қалмайды. Жоқ, мен сізбен келіспеймін, Тайшық аға".(16) Тайшық ашуланып: "Әкем қайтыс болғанда, сен Сұлтан Сыздық және сен Ахмет әлі де ес білмейтін балалар едіңдер, мен қолыма қылыш алып, әкемді қорғаған соңғылардың бірі болдым. Сол кезде мен әкемнің таңдаған жолының дұрыстығы туралы ойладым! Бізге керегі соғыс емес, біздің халыққа әл-ауқат пен тыныштық қажет нәрсе!». Үнсіз тұрған Ахмет, әңгімеге кірісті: "Құрметті бауырлар, мен сендерден кіші болсам да, маған өз пікірімді айтуға рұқсат етіңіздер. Мұсылманның әскерінің саны қырық мыңдық болды. Біз бәріміз өлімнен қорықпай жиһадқа бардық, бірақ соңында Ұзын-Агаштың тұсында біз жеңілдік. Ақ мешіт жеті жыл бойы кәпірлердің қол астында, Малла хан оны қайтарып алу туралы ойламады". Тайшық Ахметтің сөздерін жалғастыра отырып, енді ашық айтты: "Қоқан хандығы әлсіз, ал Ресей империясы күшті. Сондықтан, барлық жерлерді иемденгенін күтпестен, біз Ресей жағына өтіп, егер бәрі сәтті болса, оған қызмет етеміз; алайда, біз оның қарамағындағы тыныштықты пайдаланамыз". Сұлтан Садыққа мұндай ұсыныс ұнамады. Ол: "Мен ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолды тастап, орыстарға бармаймын. Егер орыстар Қоқанды алса, мен Бұхараға барамын; егер олар Бұхараны алса, мен басқа мұсылман мемлекетіне кетемін. Мұндай көп. Бірақ мен әкемнің жолынан таймаймын!». Сұлтан Сыздық өкінішпен, әңгіменің аяқталғанын білдіріп, ауылға қарай шапты, бірақ сұлтан Тайшық Сыздықты қуып жетіп, тоқтатты: "Сұлтан! Біздің қайсымыз дұрыс айтқанымыз, тек Аллаға мәлім. Біздің пікірлеріміз әртүрлі және біздер әртүрлі жолдарды таңдағанымызбен, бауыр болып қалайық. Біздің мақсатымыз бір: қазақ халқының бақыты мен әл-ауқаты, қара халықтың өмірін жеңілдетейік, өйткені бұл жерде бізде Ақ сүйек, төре, Шыңғысхан ұрпақтарының аманаты бар!». Сұлтан Сыздық Түркістанда қалды, ал сұлтандар Тайшық пен Ахмет 1861 жылы өздеріне бағынышты барлық адамдармен бірге Сырдария өзенінің жағасына қоныс аударды және Перовск қаласында орналасқан Сырдария желісінің бастығы генерал Дебуге мойынсынушылықпен келді. 1861 жылы олар Жаңа-Қорган бекінісін алған кезде Ресей жағында болды, ол үшін 1862 жылы екеуі де зауряд-хорунжий шеніне ие болды... Сұлтан Сыздық Қоқан хандығында Түркістанды қорғауда ерекшеленді, Ташкент маңындағы Икан ауылында орыс әскерлерін жеңді. Қоқан хандығы құлағаннан кейін Сұлтан Сыздық Хиуа хандығына кетті, онда ол түркімен атты әскерін басқарды. Содан кейін ол Бұхара хандығына кетті, онда ол Бұхара әскеріндегі қазақтардың жасағын басқарды, ал қорқақ әмір Музаффар Маңғыт Бұхараны Ресей протектораты деп тану туралы келісім жасасқанда, келіссөздерді бұзуға тырысты. Бұхара хандығы жеңіліске ұшырағаннан кейін сүлтан Сыздық Ауғанстанға кетті, ал сол жерден Шығыс Түркістан бостандығы үшін қытайлармен шайқасқа қатысқан Жеті Шар мемлекетіне жетті . Жеті Шардың билеушісі Якуб бек Бадаулет қайтыс болғаннан кейін, қолы жараланған Сыздық Бұхар Әмірлігіне оралды. Сұлтан Ахмет арқылы Сыздық Түркістан генерал-губернаторы фон Кауфманнан қазақ жеріне оралуға рұқсат сұрады, қоныстанды және Оңтүстік Қазақстан қоңыраттардың арасында қайтыс болғанға дейін өмір сүрді.
