Тарих

Бiздiң тарих шиырлы, бұраланды,
Қызыл қанмен,
Көз жастан құралады.
Өзектi өртер өксiктi ашып айтпай,
Келе жатыр айырылмай мұнар әлi.
Келе жатыр,
Айырылмай мұнар әлi,
Қайран шындық қанша рет тұралады.
О, тәңiр-ай, әлде кiм тарих десе,
Көз алдыма келтiрем мұнаран.
Кавказдағы шыңдардың бiрiндегi,
Күндi бағып көзi оның iлiнбедi.
Сол мұнара секiлдi бiздiң тарих,
Көсемдерге бас иiп күлiмдедi.
Қалған шындық көсемнiң тасасында,
Сәтi түсiп сырыңды ашасың ба.
Бет-бейнеңдi мәңгiлiк өзгерттiң бе,
Ұлықтардың айналып асасына.
Бiздiң тарих шиырлы,бұраланды,
Қызыл қанмен,
Көз жастан құралады.
Өзектi өртер өксiктi ашып айтпай,
Келе жатыр айырылмай мұнар әлi.
Сүлеймен Баязитов
