«Табиғатты аяла» экологиялық сағат

Ғафу Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары үшін қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ластамау мақсатында «Табиғатты аяла» атты экологиялық сағат өткізілді.
Шара барысында балалар белсенділік танытып, қоршаған ортаны сақтауға қатысты өз ойларымен және пайдалы ақпараттармен бөлісті. Оқушылар қоқысты сұрыптаудың, пластик пен қағаз қалдықтарын бөлек жинаудың маңызын айтып, күнделікті өмірде суды үнемдеу жолдарын талқылады.
Экологиялық сағат соңында қатысушылар табиғатты қорғау — әрбір адамның азаматтық міндеті екенін атап өтіп, барлық құрдастарын қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырды.

Для учащихся общеобразовательной школы им. Гафу Каирбекова был проведен экологический час «Табиғатты аяла», направленный на защиту окружающей среды и предотвращение загрязнения природы.
В ходе мероприятия ребята проявили активность, поделились своими мыслями и полезной информацией по сохранению окружающей среды. Школьники отметили важность сортировки мусора, раздельного сбора пластиковых и бумажных отходов, а также обсудили способы экономии воды в повседневной жизни.
В завершение экологического часа участники подчеркнули, что защита природы — это гражданский долг каждого человека, и призвали всех своих сверстников бережно относиться к окружающей среде.

