Тәуелсіздік күні

16 желтоқсанда Каспи теңізінен Алтай тауларына дейін созылып жатқан қазақ даласына Шығыстан күн шыққанда барша қазақ Тәуелсіздік күнін тойлайды. Бұл күг жәй ғана күнтізбеде белгілей салатын оқиға емес; бұл тарихтың, ұлттық мақтаныш пен бостандыққа ұмтылудың символы.
Қазақстанның Тәуелсіздік күнінің біз үшін неге маңызды екенінінің мәнін түсіну үшін тарихқа үңілу керек. Бұл күн, 16 желтоқсан 1991 жылы Қазақстан Кеңес Одағынан тәуелсіздігін жариялаған дәуірлік сәт болды. Батыл шешім халықтың жаңа дәуірін тудырып, болашағын дербес құруға мүмкіндік берді.Тәуелсіздік алу жолында қаншама жүрегі ұлтым деп соққан жас қыршындай қырылды. Қайтсем ұлтым азат болады деген адамдар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін талай жылдар күресті. 1991 жылдың 16 желтоқсаны сол азаттықты аңсап өткен алып тұлғалардың арманы орындалған,, барша қазақ жұртының ғасырлар бойы күткен тәуелсіздік туының көкке көтерілген күні.
Тәуелсіздік күні саяси тәуелсіздікті ғана емес, сонымен бірге ұлттық бірегейлікті тойлайтын күн.Еліміздің түкпір-түкпірінде шерулер өтіп, мемлекеттік тулар желбіреп, мәдени шаралар қазақстандық мұраның байлығын паш етеді. Бұл – өз еліне, оның жетістіктеріне деген мақтаныш сезімімен барша әлеммен бөлісетін күн.
Тарихшылар, саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері Тәуелсіздік күнінің қуатты мемлекет құрудағы ірге тасы болғанын атап көрсетеді. Бұл күн біздің еліміз үшін тарихи сәт екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Дегенмен, Тәуелсіздік күні тойлаудың себебі ғана емес, өзін-өзі тану сәті.
Біз тәуелсіздік алғаннан бері әлемдік деңгейде түрлі жетістіктерге жеттік. Осыдан 30 жыл бұрын біздің мемлекетіміз аса үлкен қарқынмен дамып әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына қосылатынынелестету қиын болды. Ал қазір Қазақстан Орта Азиядағы ең дамыған мемлекет.
Тәуелсіздік күні – еркіндік символы.Біз Тәуелсіздік күнін еркіндік пен мақтаныштың белгісі ретінде алдыңғы қатарға шығарамыз.Нағыз тәуелсіздік – бұл саяси мәртебе ғана емес, ұлттың күші, мәдениеті мен ұлттық болмысы. Қазақстанның Тәуелсіздік күні өткенге көз жүгіртіп, бүгінді түсіну және болашаққа шабыттандыратын маңызды уақыт болып табылады.
Мухамметжан Алпысбаи
