ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Т.С. Шаухаровпен профилактикалық бақылау жүргізу шаралары аясында, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері бойынша «Іле ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ-де жиналыс өткізілді. Іс-шара барысында қойылған сұрақтардың барлығына толыққанды жауаптар беріліп, қызмет беруші органның жауапты мамандарына әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсетілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті
