Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТӨРТ ӨҢІРДІҢ КРИМИНАЛИСТ МАМАНДАРЫ ОҚИҒА ОРНЫН ТЕКСЕРУ БОЙЫНША БІЛІМДЕРІН ҚАТТЫ АЯЗ КЕЗІНДЕ ШЫҢДАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде төрт өңірдің жедел-криминалистикалық бөліністері қызметкерлерінің аймақтық семинар-кеңесі өтті. Екі күн бойы сарапшы-полицейлер қылмыс болған орынды тексеруді тәжірибе барысында пысықтады.

Семинар-кеңесті ашқан облыстық полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов криминалист мамандардың кәсібилігін үнемі арттырудың маңыздылығына тоқталып, олардың қылмысты ашудағы жұмыстары орасан зор екенін атап өтті. Тіпті өте сақ қылмыскердің өзі де қандай да болсын із немесе иіс қалдырады. Сарапшылардың міндеті – қылмысты уақтылы ашу үшін айғақтарды жедел әрі асқан ұқыптылықпен жинау. Бұрындары криминалистер оқиға болған жерге шағын қол шабаданымен шықса, бүгіндері олардың техникалық мүмкіншіліктері артып, жылжымалы криминалистикалық зертхана көмегімен кез келген құқық бұзушылық пен қылмысты ашуға қауқарлы. Астана қаласынан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарының департаменттерінен, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінінің аппаратынан келген мамандарға солтүстікқазақстандық криминалистердің жарақтандырылуы көрсетілді. Сондай-ақ, департамент мұражайында экскурсия өткізілді. Оқу полигондары мен зертханаларда әріптестер тәжірибе алмасып, өздерінің пікірлерімен бөлісті. СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембиннің айтуынша, солтүстікқазақстандық криминалистер қызметте жаңашылдықтарды қолдануға әрдайым ұмтылыс білдіреді. Ал, әріптестермен тәжірибе алмасу бұған септігін тигізеді.

Семинар барысында алған білімдерінің қорытындысы ретінде криминалистерге ашық аспан астында қылмыс орнын тәжірибе барысында тексерудің алгоритмін пысықтау ұсынылды. Оқтың қай бағытта ұшып келгенін, қанша оқтың шыққанын және оның кезектілігін анықтау, жұмсақ қардың үстінде аяқ киімнен қалған іздің бедерін гипстан құйып көрсету – осындай жұмыс кешені қатты аяз кезінде өтті.

ҚР ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментіндегі Сотқа дейінгі тергеуді криминалистикалық қамтамасыз ету басқарасының бастығы полиция подполковнигі Сергей Стихеев айтып өткендей, бұл оқу-жаттығу шаралары шынайы оқиғаға жақындатылған жағдайда өткізілді. Оқиғаның желісі бойынша атыс қаруын қолдану арқылы адам өлтірілген. Сабақтың басты мақсаты – тергеушілердің, криминалистердің және жедел-тергеу тобының барлық қатысушыларының оқиға орнын қарау кезіндегі білімдерін бекіту.

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде өткен семинардан фото және бейнематериалдар түрінде алынған оқу құралдары погондағы сарапшыларды келешекте дайындауда қолдану үшін Ішкі істер министрлігіне жіберіледі.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
668

Еще по теме

ТӨРТ ӨҢІРДІҢ КРИМИНАЛИСТ МАМАНДАРЫ ОҚИҒА ОРНЫН ТЕКСЕРУ БОЙЫНША БІЛІМДЕРІН ҚАТТЫ АЯЗ КЕЗІНДЕ ШЫҢДАДЫ - Yvision.kz