Түнде тағы жер сілкінді
Бүгін түнгі екілер шамасында Алматы мен оның маңайының жұрты тағы да жер сілкінісін сезінді. Әлеуметтік желіде сондай жазба көп.

Фото: novastan.org
Мұны ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі де растады.
"Жер сілкінісінің эпиорталығы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым қашықтықтағы Қытай аумағында болды. MPV магнитудасы - 5,7. Алматы қаласында, Талғар қаласында 2 балл сезілді", - делінген ресми хабарламада.
Бірақ тұрғындар одан көбірек сезілді деп отыр.