ҚҰТҚАРУ
Тайынша ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ерлан Ыбыраев аудандағы қызмет көрсететін Чермошнянка селосынан кештетіп келе жатқанда оның ұялы телефонына Ново-Ивановка селосының тұрғыны қоңырау шалып, екі пәтерлі үйдегі көршісі жағынан түтін шығып жатқаны туралы хабарлаған. Өзінің досы Тайынша қ. өрт сөндіру бөлімі өртке қарсы қызмет сержанты Олег Солодкомен бірге бірден Ново-Ивановкаға бет алған.
Келген соң өртеніп жатқан үйдің кіре беріс есігі іштен жабулы болғаны, терезеден қою түтін шығып жатқаны белгілі болды. Ерлан Ыбыраев пен Олег Солодко кіре беріс есікті бұзып, ішке енген бетте ас үй бөлмесінің еденінде ес-түссіз жатқан 65 жастағы үй иесін табады. Ер адамды далаға алып шыққан. Кәсіби түрде алғашқы медициналық көмек көрсетілген, қолдан дем алдырып, жүрекке массаж жасаған. Ауыл тұрғыны есін жинап, өз жағдайының қалыпты екендігін айтқан. Дәл осы кезде келген Тайынша қ. ӨБ-17 жасағы өрт ошағын оқшаулап, пештің қызуынан түтіндей бастаған қамыстан жасалған қабырғадағы жанған отты сөндіреді.

Екі пәтерлі үйдегі көрші Ақмарал Мұқашева үйді өрттен сақтап қалған погон таққан жандарға алғыс білдірді. Телефон қоңырауына бірден жауап қатқан полиция майоры Ерлан Ыбыраевтың жұмысы үшін аудандық полиция бөлімінің басшылығына атына ерекше алғыс айтты.
Тайынша ауданының полиция бөлімі бастығы полиция подполковнигі Нұрлыжан Ақтановтың айтуынша, сол кеште демалыста болған учаскелік инспекторға тікелей қоңырау шалған қырағы көршілердің, сондай-ақ учаскелік инспекторы мен өрт қызметкерінің бірлескен жедел әрі сауатты іс-әрекетінің арқасында орын алған жағдайдың сәтті аяқталуы мүмкін болды дейді.
СҚО ПД баспасөз қызметі
