СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП АЙМАҚТАРДА
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы Қазақстан халқына жолдауының 5-ші басымдылығын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жұмыс жүргізуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың негізгі мақсаты - Алматы облысының тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетудің қол жетімділігін арттыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, тұрғындарға құқықтық түсініктеме беру болып табылады.
Мобильді топтың құрамына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, облыстық ХҚКО, «Атамекен» ҰКП Алматы облысы бойынша филиалы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мобильді қабылдау орталығы енді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жұмыс жоспары бойынша 28 наурыз күні Көксу ауданында, 29 наурыз күні Ескелді ауданында жұмыс жүргізсе, ертең яғни, 30 наурыз күні Текелі қаласында болады.
Мобильді топ Талдықорған қаласында орталық сауда базарында азаматтарды қабылдау жүргізілсе, Көксу ауданында «УызМай» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, аудандық орталық емхана алдында қабылдау жүргізді. Ал Ескелді ауданында болған іс-сапар кезінде орталық алаң, орталық коммуналдық базар, мемлекеттікмекемелер алдында және аудандық ХҚКО алдында, сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ аудандық филиалы ғимаратының жанында қабылдау өткізді.
Алдағы жоспар бойынша Текелі қаласында өтетін шара барысында адамдар көп шоғырланатын орындар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері кездесуі мүмкін орындарда қабылдау жүргізілетін болады.
