СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮРГІЗУШІ-ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚЫЗМЕТТЕ ӨЗДЕРІН КӨРСЕТТІ
Маусымның мамыражай кешінде Қазақстан Конституциясы көшесімен серуендеген адамдардың қарасы қалың болды. Полицей ересек адамдардың бақылауынсыз жалғыз кетіп бара жатқан балақайды байқап қалады. Алмат бүлдіршіннің қасына барып, оны қолына көтеріп алады. Балақай сөйлей алмайтындықтан, ештеңе айта алмады. Полицей баланың соңынан біреу келіп қалар деген үмітпен өтіп жатқан адамдарды қарайлады. Алмат «102» нөміріне хабарласты, бірақ баласын жоғалтқан ешкім жүгінбеген. Мазасызданған баланы чупа-чупспен тыныштандырды... Жарты сағаттан кейін «102» кезекшісі полиция модуліне қала тұрғыны келіп, үлкен ұлына көңіл бөлген кезде балақайдан қол жазып қалғаны туралы хабар берген. Саябақтан шығып, жүгіріп кеткен баланы бұған дейін олар өз күшімен іздеген... Автопатруль әйелді облыстық Полиция департаментіне жеткізді, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар онымен профилактикалық әңгіме жүргізді... Бүлдіршін Алматпен қимай қоштасты, ал уайымнан әлі құрыған анасы полицейге алғысын білдірді...
Екінші жүргізуші-полицей 35 жасар полиция аға сержанты Марат Бекішев аудан орталығы Бескөлде тұрады, күнде таңертең облыс орталығына жұмысқа барады. 25 маусымда Гагарин көшесімен өтіп бара жатып екі қабатты үйлердің бірінен түтін шығып жатқанын көреді. Үй тұрғындарының басым көпшілігі бұл кезде ұйқыда болған, тек бірнеше адам ғана үйден шықты. Полицей өрт сөндіру қызметінің шақырылғанына көз жеткізіп, «102» нөміріне хабарласты. Сосын үй подъездіне кіріп, тұрғындарды ояту үшін есіктерін қаға бастады. Түтін бірінші қабаттан шығып жатты. Марат адамдарды пәтерлерін тастап, сыртқа шығуға көндірді. Үй тұрғындарының бірі - жасы үлкен ер адам болып жатқан оқиғаны қауіпсіз деп санап, шығудан бас тартты, оны жетектеп шығаруға тура келді. Түтін көзге кірсе де, ешкімнің қалып қоймағанына көз жеткізу үшін Марат аудан орталығының кезекші бөлімімен оқиға орнына жіберілген учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Нұргелді Қоныспаевпен бірге подъездті тексерді. Өрт сөндіру қызметінің келіп жеткен қызметкерлері қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдады...
Олар түтіннің электр сымдарынан шыққанын анықтады. Тұрғындар пәтерлеріне кетті, ал Марат Бекішев тұрақтан көлігін алып, жұмысына асықты...
