Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА АЛҒЫСТАРЫН АЙТУДА

Полиция қызметкерлерінің атына айтылатын алғыстардың басым көпшілігі жасалған қылмысты ашқаннан кейін түсіп жатады. Қолды болған затын, әсіресе әрқайсымыз үшін жеке мәліметтерді сақтауда баға жетпес ұялы телефондарды иелеріне қайтарғанда олардың қуаныштарын түсіну қиындық туғызбайды.

Осылайша ұрылар Петропавл қаласы тұрғынының айфонын автобустардың бірінен жымқырып кеткен. «Бір айлық тергеуден кейін менің телефоным маған қайтарылды!», - деп жазады ұялы телефон иесі Facebook әлеуметтік желісінде. Оның алғысы ең алдымен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләловке, қалалық полиция басқармасының басшылығы мен мүліктік қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Ерболат Қаптаевқа және ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанты полиция сержанты Кәмиля Макинаның атына жазылған.

«Қазіргі таңда Камила туған жерінде тәжірибе жинап жатыр», - дейді алғыс білдіруші. - Телефонымды ұрлау оның алғашқы қылмыстық істерінің бірі болды! 8 маусымда ол дипломға ие болады және ресми түрде СҚО полиция қызметкерлерінің қатарына қосылады. Жылдам жұмысыңыз үшін рахмет!».

Полиция Департаменті бастығының поштасында басқа да хаттар бар. Мамлют ауданының Леденёво ауылының Қоғамдық кеңестің төрағасы Күләш Мәженова бірнеше жыл бойы учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Иса Мұстафинмен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқандығын облыстық ведомство басшылығына жазуда: «2014 жылы бізге ауданға учаскелік инспектор лауазымына Иса Ақсайұлы Мұстафин тағайындалған болатын. Оның еңбекқорлығы мен кәсібилігі үшін алғыс айтамын. Өте білікті, талапты инспектор. Ол келісімен ауылда тәртіп орнады. Әр кіретін және шығатын автокөлік оның бақылауында болды. Ішімдікке әуес отбасылар да бақылаудан тыс қалмады. Ауылдың өміріне белсене араласып, жолдың бұзылған учаскелерін толтыру үшін сенбілік ұйымдастырды және ауыл шаруашылығы құрылымдарына көмектесті. Осындай жұмыстар еленіп, көтермеленсе екен деймін».

Бүгінде Иса Мустафин Мамлют аудандық полиция бөлімінде әкімшілік полиция бөлімінің бастығы. Ал, жұртшылық атынан келіп түскен жылы сөздер қызметті мінсіз атқару үшін жақсы ынталандыру.

СҚО ІІД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
443

Еще по теме

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА АЛҒЫСТАРЫН АЙТУДА - Yvision.kz