СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦИЯДА 500-ГЕ ТАРТА ӘЙЕЛ ҚЫЗМЕТ АТҚАРУДА
Салтанатты жиын Жастар сарайында өтті. Оған облыстық және қалалық полиция аппаратының әйел полицейлері, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер, әйел-ардагерлер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің жесірлері шақырылды.
Нәзік жандыларды құттықтаған СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов бүгінде солтүстікқазақстандық полицияда 494 әйелдің қызмет атқарып жүргенін айтып өтті, олардың 363-і – погонды арулар, 81-і - әкімшілік мемлекеттік қызметшілер, 50-і – келісім-шартпен істеп жүргендер. Олардың барлығы шендері мен лауазымдарына қарамастан, ерлермен қатар тәулік бойы қылмысқа қарсы күреске тартылады, қоғамдық тәртіп пен өңірдегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ерлер жағы қызметтік міндеттерін атқаруға білек сыбана кірісіп кетсе, әйелдер қызметпен қатар бала күтіміне де, үй ішіндегі тәртіпке де көңіл бөледі.
Арнайы атақтармен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және медальдармен 60-қа тарта нәзік жанды марапатталды. Олардың арасында қызмет пен бала тәрбиесін қатар алып келе жатқан офицер-аналар да бар. Тайынша ауданы ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы полиция майоры Балғын Сыздықова, Қызылжар ауданы ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы полиция майоры Әсемгүл Қасенова мен Петропавл қ. ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы полиция капитаны Әдемау Меңдібаева 4-5 баланы тәрибелеп отыр. Аталмыш салтанатты жиында жастарға үлгі болсын деген үмітпен офицер аналар облыстық полиция басшысының қолынан сыйлықтар алды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің жесірлеріне де құрмет көрсетілді.
Салтанатты іс-шара «Килиманджаро» шоу-тобының, Астана қ. Сатира және әзіл театрының актері Ерболат Төлегеновтің қатысуымен болған концертпен аяқталды. Көтеріңкі көңіл-күй мен күлкіге қарық болған көрермендер ризашылықпен тарқасты.
Мереке қарсаңында СҚО ПД басшылығы ішкі істер органдарында қызмет атқарып жүрген барлық әйел қызметкерлерді ақшалай сыйақымен көтермелеу туралы бұйрық шығарды.









СҚО ПД баспасөз қызметі
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
