Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚАТАРЫ 82 ЖАС МАМАНМЕН ТОЛЫҚТЫ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау жүйесін реформалау міндетін белгіледі. Бұл бағыттың жүзеге асырылуы – халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырады. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінде қызметкерлердің жұмысына қойылатын жаңа талаптар мен әдіс-тәсілдер белсенді қолданылады. Облыстық полиция ведомствосының бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев ашық, қол жетімді жұмыс форматы бойынша басымдықтарды белгілей отыра, жеке құрам алдында азаматтарға көмек көрсету міндетін қойды.

Бұндай амал қызметке келетін жас мамандарды даярлаудың негізіне айналды. Осы жылы солтүстікқазақстандық полицейлердің қатары 82 жас қызметкермен толықтырылды. Оның 37-сі Ішкі істер министрлігі жүйесінің ведомстволық оқу орындарының түлектері. Екі жас тергеуші РФ ІІМ Жоғары оқу орнын бітірген. «Ведомстволық жоғары оқу орындарының барлық түлектері оқуда жоғары көрсеткіштерге ие, таңдаған мамандықтарына асқан қызығушылықпен қарайды және мақсатқа талпынушылықтары да ерекше. Арасында оқуды үздік бітірген түлектер де бар, бұл қажырлы еңбектің, болашақ офицерлердің бойына оқу орнына келген күннен бастап сіңірген тәртіптің жемісі болып табылады», - деді СҚО Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковнигі Наталья Калинина. Қазіргі уақытта ведомстволық жоғары оқу орындарына шәкірттерді тек ҚР ІІМ Қарағанды Академиясы қабылдап жатыр, бұл оқу орны 50 жыл бойы жас мамандарды даярлап келеді.

Әділ Шұғаев – ҚР ІММ Қарағанды Академиясының түлегі. Ол полицей мамандығын әкесінің ізімен таңдады. Оқу ордасында алған білімін жұмыста қолданып келеді, қазір ол Петропавл қ. Полиция басқармасында тергеуші болып қызмет етеді. «Менің әкем көп жылдар бойы жедел қызметте жұмыс істеді. Ол менің өмірдегі де, қызметтегі де тәлімгерім. Бүгінгі таңда жұмыс жағдайы ғана өзгеріп қойған жоқ, қойылатын талаптар да өзгерді. Уақыт өзгергенімен, ең басты қағида - адамдарға көмектесу қай заманда да өзекті. Әкемнің қылмыстарды ашқан кездегі, адамдарға әділдіктің барына көз жеткізуге көмектескен кездегі көңіл-күйі әлі есімде. Мен полицейдің көмегіне мұқтаж жандарға көмектесіп, олардың бақытты болғандарын көргім келеді», - деді жас офицер.

Айта кетейік, жас мамандарды даярлауда СҚО Полиция департаментінде тәлімгерлік институтына ерекше назар бөлінеді. Еңбек өтілі бір жылға жетпейтін жас қызметкерлерге білікті тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тәлімгерлер бекітілген. Қазіргі уақытта СҚО ішкі істер органдарында 270-тен астам жас қызметкер бар. Осы орайда, орта, орта-арнаулы және жоғары (заң, техникалық) білімі бар жасы 35 дейінгі үміткерлерді СҚО ішкі істер органдарына қызметке қабылдау жүргізіліп жатыр. Қызметке орналасу мәселелері бойынша Петропавл қ., Алматы көшесі, 55, 302 кабинет, «Кадр саясаты басқармасына» жүгінуге болады. Анықтама телефондары: 61-26-12, 61-26-14, 61-26-57, 61-26-42.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Instagram: instagram.com/sqo_pd/

Facebook: facebook.com/skodvd

YouTube: youtube.com/channel/UCYrbbnmE9GXxlF8ZbR6St4Q

Twitter: twitter.com/dp__sko

ВКонтакте: vk.com/public55111848

Одноклассники: ok.ru/group51782720159877

Мой Мир: my.mail.ru/community/dvdsko/

0
0
840

Еще по теме

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚАТАРЫ 82 ЖАС МАМАНМЕН ТОЛЫҚТЫ - Yvision.kz