СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Солтүстікқазақстандық полицейлер жылды қорытындылады. Облыстық полиция ведомствосының басшысы полиция генерал-майоры Берік Біләлов облыстағы жедел жағдайға баға берді. Жыл қорытындысы бойынша жалпы қылмыс 5,6%-ға төмендегені байқалады. Қоғамдық орындарда, көшелерде, кәмелетке толмағандармен, бұрын сотталғандармен және масаң күйде жасалған қылмыстардың санын азайтуға қол жеткізілді. Ең кең тараған қылмыстың түрі – бөтеннің мүлкін ұрлаудың санының азаюы. Қылмыстың жалпы ашылуы 70,1%-ды құрады. 78 қылмыскер ұсталды.
Департамент бастығы қаржыландыру мәселесіндегі атқарушы органдардың көмегіне жеке тоқтала кетті. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қолдауымен облыстық бюджеттен 5 миллиардтан астам теңге бөлінді. Бұл қаражат полиция бөліністерінің материальдық-техникалық жарақталуын нығайтуға көмегін тигізді: қызметтік автокөліктер, арттехқару-жарақ мүлкі, «Электрондық қылмыстық іс» жобасын енгізу үшін компьютерлік техника сатып алынды, «Шеп» бекеттеріне күрделі жөндеу жүргізілді.
Өткен жыл СҚО Полиция департаментінде «Кадр резерві жылы» деп жарияланды. Бұл жыл ішінде кадр жұмысының тиімділігін арттыруға, бөлініс басшыларының басқару дағдыларын жетілдіруге және олардың кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік берді.
Жылдың қорытындысы бойынша арнайы құралған комиссиямен, жұмысқа егжей-тегжейлі талдаудың негізінде, аумақтың бөліністердің жалпы жедел-қызметтік жұмысының қорытындысына рейтинг жасалды. «Кадр және тәрбие жұмысы бойынша үздік аудандық бөлініс» номинациясында үшінші орынға Мамлют ауданының полиция бөлімі ие болды. Екінші орынды – Есіл ауданының полиция бөлімі еншіледі. Бірінші орынды Тайынша ауданының полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрлыжан Ақтанов қанжығасына байлап, «LADA Vesta» жаңа автомашинаның кілтін алды.
Жедел-қызметтік жұмысқа да қорытынды жасалды: «Жедел – қызметтік жұмыс бойынша үздік аудандық полиция бөлімі». Үшінші орынға және 300 мың теңгенің сертификатына Шал ақын ауданының полиция бөлімі ие болды. Екінші орын – Уәлиханов ауданының полиция бөлімі 500 мың теңгенің сертификатын алды. Бірінші орынға ие болған Жамбыл ауданының полиция бөліміне 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.
Облыс әкімімен бекітілген арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жыл ҚР ІІМ келісу бойынша полиция ведомствосында «Есірткісіз болашақ» жылы болып жарияланды. Жалпы кеңесте маңызды мәселелер талқыланды. Жұмыста жіберлген кемшіліктеріге жол берген бөлініс басшылары қатаң сынға алынды.
Облыс прокурорының орынбасары аға әділет кеңесшісі Айман Әбдірова полицейлердің назарын жас тергеушілер мен анықтаушыларды оқыту қажеттігіне, қылмыстық істерді сапалы тергеуді қамтамасыз етуге бақылауды күшейтуге аударды. Әр бөліністің жедел-қызметтік жұмысының толығырақ талдауы жұмыстың жетекшілік ететін бағыттары бойынша ПД бастығы орынбасарларының сөз сөйлеуінде және басшылыардың есеп берулерінде көрінді.






СҚО ПД баспасөз қызметі
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
