Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАН ЕКІ КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

…СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция капитаны Виталий Подчернин және Петропавл қ. Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Жангелді Әпенов Алматы қаласында оқып жүрген 23 жасар күдіктіні ұстады, ол Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Интернет-алаяқтар мен жәбірленушілер әдетте бір-бірін танымайды, алайда, аталған жағдайда қаскөй өзінің таныс жерлесін алдаған. Қаскөй шәкіртақысын банк картасына аудару үшін танысынан жеке куәлігінің және банк картасының фотосын сұрайды. Шын мәнінде, танысының жеке мәліметтеріне қол жеткізген алаяқ шағын несие беру ұйымдарына жүгініп, оның атына қашықтықтан 30 мыңнан 50 мың теңге сомасына дейін 5 несие ресімдеген. Бұл туралы жәбірленуші тек бір ай өткен соң, яғни несие берушілер хабарласқаннан кейін білген...

Теміртау қаласының 36 жасар тұрғыны интернет-алаяқтықтың ең жеңіл тәсілін пайдаланған. Қаскөй әлеуметтік желілерде жоғалған құжаттар және заттар туралы хабарландыруларды тауып, иелерін заттарды Qiwi-кошелек арқылы алдын ала төлем жасағаннан кейін қайтаратынына сендірген. Ақшаны қолына түсіргеннен кейін алаяқ байланысты тоқтатып, жасырынып отырған. Күдіктінің жеке мәліметтерін және жүрген жерін СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Андрей Акопян және Петропавл қ. Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі полиция майоры Данияр Ғалиакпаров анықтады.

Аталған фактілер ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде...

«Интернет-алаяқтардың құрығына түспеу үшін сақ болу қажет,- деп түсіндірді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов. – Жеке және қаржы мәліметтерін ешкім білмеуі тиіс. Құжаттардың және банк карталарының суреттерін бөтен біреуге жіберуге болмайды. Егер клиент интернет-банкинг қызметін пайдаланса, SMS-хабарламалар арқылы жіберілетін төрт санды код банк шоттарын және операцияларын ашуға мүмкіндік береді. Бұл шын мәнінде бөтен адамға көрсетуге болмайтын бір реттік пароль. Бұдан басқа, интернет желісінде алдын ала төлемді талап ететін кез-келген келіссөздерге сақтықпен қарау қажет. Алаяқтықтың бұл түрі өте жиі кездеседі».

Жалпы жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында 40 интернет-алаяқтық тіркелді, қазіргі уақытта 21 ашылды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
500

Еще по теме

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАН ЕКІ КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ - Yvision.kz