СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 АЙ ІШІНДЕ 74 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Осы жылдың 6 айында Солтүстік Қазақстан облысында сомасы 274 миллион 964 мың теңге болатын 74 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Өндіріп алу 70 пайызды құрайды. Аталған жұмыстың аясында полицейлер айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларды анықтау бойынша жедел-профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде өткізеді. Инспекторлар «Жол приставы» мобильді бағдарламалық-аппараттық кешенінің көмегімен автокөлік ағынына мониторинг жүргізеді. Борышкердің көлігі камераның көру аймағына түскен кезде, компьютер көлік иесінде төленбеген берешегінің бар-жоғын анықтайды. Инспекторлар машинаны тоқтатып, көлік иесін деректер базасы бойынша тексереді.
Сонымен қатар, мобильді кешеннің қызметкерлері міндеттерінің бірі – консультация беру. Айыппұлды төлеу уақытын созып жүрген жүргізушілерге заманауи төлем жасаудың тәртібі мен «жағымды жақтарын» рет-ретімен түсіндіреді. Төлеуден жалтарып жүргендер үшін «жағымсыз жақтары» - еліміздің шегінен шығуға тыйым салу болып табылады. Кейбір жүргізушілер үшін ауа райы ыстық елдерге шығып демалу туралы ұмытуға тура келеді: өйткені айыппұлды төлемейінше, ҚР тыс жерге шығуға тыйым салынады.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Оспановтың айтуы бойынша «Борышкер» операциясының алғашқы күнінде жалпы сомасы 5 миллион теңгеден аса 515 айыппұл өндіріп алынды. Қазіргі уақытта азаматтардың egov электрондық үкімет порталының көмегімен online режимінде, сондай екінші деңгейлі банктердің 12 бөлімшесінде есеп айырысу кассасына айыппұлді төлеуіне мүмкіндігі бар. Облыс орталығының ірі супермаркеттерінде азаматтардың ЖСН бойынша әкімшілік айыппұлды тексере алатын терминалдар да орнатылған.
Жұмыс тиімділігін арттыру үшін «Жол приставы» автокешенінен басқа борышкерлерді ақпараттандыру мақсатында полицейлер борышкерлерге берешегінің бары туралы SMS хабарламасын жібереді. Жыл басынан осындай 6 мың хабарлама таратылған. Жалпы, соңғы жарты жылда Әкімшілік полиция басқармасы «Борышкер» операциясының 10 кезеңін өткізген. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.




СҚО ПД баспасөз қызметі
Instagram: instagram.com/sqo_pd/
Facebook: facebook.com/skodvd
YouTube: youtube.com/channel/UCYrbbnmE9GXxlF8ZbR6St4Q
Twitter: twitter.com/dp__sko
ВКонтакте: vk.com/public55111848
Одноклассники: ok.ru/group51782720159877
Мой Мир: my.mail.ru/community/dvdsko/
