Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СКО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚАЖЕТ БОЛҒАН ЕР АДАМҒА ЖӘРДЕМДЕСТІ

Полиция аға сержанты Евгений Шилов пен полиция старшинасы Қанат Қапаров шұғыл медициналық көмек қажет болған петропавлдықтың ауруханаға санаулы минутарда жетуіне жәрдемдесті. Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевтың атына сәтті аяқталған оқиға жайлы айтқан зейнеткерден алғыс хат келіп түсті. Петропавл тұрғыны жақын туысының өміріне араша түскен патульдік полиция қызметкерлерінің жұмысы үшін полиция ведомствосының басшысына алғыс білдірді.

8 шілдеде патрульдік полицейлер Шилов пен Қапаров «Петерфельд-Петропавл» автожолында кезекшілік атқарған. Күндізгі сағат 4 шамасында автокөлігінде ес-түссіз күйде 45 жасар жолаушы жатқаны жайлы зейнеткерлер жүгінген. «Орманда ол есінен танып қалды. Ауруханаға жеткізе алмаймын деген үрей болды. Жолдың жиегінде тұрған патрульдік машинаны байқадық, олардан жедел жәрдемді шақыруды өтіндік. Бірақ, полицейлер уақытты жоғалтпай, ауруханаға дейін жедел ілесіп жүрулерін ұсынды», - дейді 70 жасар Николай Лысенко. Қала маңындағы Петерфельд селосынан облыс орталығына дейінгі жолда көліктер көп. Қабылдау бөлімшесіне тез әрі кедергісіз жету үшін полицейлер жарқылдауық шамдары мен сигналды дауыс зорайтқыш құрылғысын қосып, ілесіп жүруді ұйымдастырды. Жүргізуші апаттық сигнализациясын қосты. 10 минутта олар ауруханада жетіп, дәрігерлер жедел медициналық көмек көрсетті. Дәрігерлер уақтылы емделуге жатқызудың арқасында, инсульт немесе инфаркт сияқты аса ауыр салдардың алдын алуға септігін тигізгенін атап өтті. «Туысымның сенімді дәрігерлердің қолдарында болғанына көзім жеткеннен кейін, танысып, өз алғысымды білдіру үшін полицейлерге жақындадым. Олардың бірі өзін Шилов деп таныстырып, бұл біздің адамдық парызымыз екендігін айтты. Егер де сол күні жігіттер болмағанда, немен аяқталар екендігі белгісіз болар еді. Алғаш рет осындай жағдайға тап болдым. Полицейлердің игі істеріне ерекше таңдандым және осындай қызметкерлермен мақтануға болады», - дейді Николай Борисович.

«Менің тегім - Шилов», - тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысы туралы фильмді ұнататындар үшін белгілі ілікпе сөз. Солтүстікқазақстандық Шилов ресейлік сериалдағы кейіпкер емес, бірақ ол өзінің іс-әрекетімен әріптесімен бірге қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқара отырып, адамдарға деген адамгершілік пен қамқорлықтың үлгісін көрсетті.

Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар патрульдік полиция қызметкерлері атына жиі алғыстарын білдіріп жатады. «Доңғалағымызды ауыстыруға көмектескендері үшін зор алғысымызды айтамыз, анам екеуміздің қолымыздан келмес еді», - деп «Петропавл-Булаево» автожолындағы 561 экипажға ризашылығын білдіріп, «sko_kz» тобына жазған.

Динара Сағындықова СҚО ПД баспасөз қызметі

Instagram: instagram.com/sqo_pd/

Facebook: facebook.com/skodvd

YouTube: youtube.com/channel/UCYrbbnmE9GXxlF8ZbR6St4Q

Twitter: twitter.com/dp__sko

ВКонтакте: vk.com/public55111848

Одноклассники: ok.ru/group51782720159877

Мой Мир: my.mail.ru/community/dvdsko/

0
0
715

Еще по теме