Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮШ ТОҒАЙ АРАСЫНДА АДАСУ

Сібірдің немесе Амазонияның ну қалың ормандары ішінде адасып өлгендер де, табиғат сырын сезе, түсіне білетін саяхатшылардың жол тауып зерттеулері туралы да көптеген аңыз-әңгімелер, танымдық жариялар, естеліктер аз емес. Орыстың бір мысқыл-мақалында «Заблудился в трех соснах» дейді (Үш ағаш арасында адасты). Үш тоғай арасында адасты дегенге сенуге болмаса да, аңқау, топас, олақ, сауатсыз адамды орыстар осылай ызалы күлкі-келекеге айналдырады.

 

Ал, жаңа заманда қазақ тіл білімі, сауаттылығы төмендеп құлдырап үш сөз арасында шатасып адасып жүр және онысын сезбейді де. Ол сөздер мыналар: САРЫ, САР, САРА.

 

Сары – ол бояу, түс, түр. Аллегория ретінде «сарыуайым». Қазақтың бір өлеңінде «...сағынып сарғаямын санаменен...» деп мұңын білдіреді.

Сар – ол бояу емес, түс емес, түр емес. Ескі советтік заманда шыққан сөздіктерді қарасақ: "Сардала – это беспредельная степь, необъятное пространство" (Русско-Казахский словарь, автор Қалдыбек Бектаев, 80 000 слов). Ботаникалық энциклопедиялық сөздікті ашып қарасақ: «Сарағаш (сары емес) – биіктігі 2 - 3 метр, басында қара-қызыл түсті жидегі бар «қарақат), әр жерге  шоқ-шқоқ боп өскен тікенді бұта.. «Сарағаш» (сары емес) атауын ескі советтік дәуіріндегі жазушылардан да табамыз. Мысалы, Мұхтар Ауэзов: «Ернеуленген жолдың дәл жиегінде тығыз боп өскен екі-үш түп САРАҒАШ бар» («Қараш» әңгімесі). Өзбекпен шектес күнгей өңірдегі шипасулы курортты неге сарғайтып «СарЫағаш»-қа айналдырып жіберді тіл патриоттары. Рас өзбекте «сар» деген сөз жоқ, олардың білетіні «сары», САР сөзімізді өзбектен арашалап алайық.

 

Лингвистеріміздің сарғайтып СарЫарқа деп жүргені Орталық Қазақстан, батымтан шығысқа қарай 1200 км, ені батысында 900 км, шығысында 400 км, ауданы 1 млн шаршы км жуық. Оның ішінде Баянаул таулары, Қарқаралы сияқты жер жаннаттары бар, мемлекеттік, тіпті ЮНЕСКО қамқорлығына алынған табиғат тамашалары бар осы кең даламызды, сар даламызды кім сарғайтып жүр? Орыстың бір мақалында «Каждый кулик свое болото хвалит» дейді (әр көкқұтан құс өз батпағын мақтайды). Мысалы. Сырдария өзенінің сол жағынан бастап 10 мың шаршы км жазықты ертеден бері орыстар «Голодная степь» дейтін. Ал кәзір оны өзбектер Гулистан дейді. Жаман әдет (ауру) жұқпалы келеді. Жалпы Аягөз ауданы ылғалы тапшы өңірге жатады. бірақ оның да тамаша табиғат қойнаулары бар. Соның бірі егіні мен шалғын шөбі жайқалған «СарЫарқа» ауылы көрінеді, обл газеттен оқып білдім соңғы бір жылы, Ақмола, Қарағанды обыстрынан келіп шөп тиеп әкетіпті. Ал ауыл «сарЫ» Сарғаймай аман қалған «сар» атауы Ресейде бар екен. 1979 ж. Мәскеуде шыққан энциклопедиялық сөздікте көрсетіліпті: Оренбург облысында САРАКТАШ  деген шағын қала, кент, аудан орталығы, теміржол  станса, 2-3 завод бар. Біздің лингвист-мамандардың қолына түссе СарЫақташ боп кететін еді. Қытай қазақтары Сарсүмбе (қазіргі Алтай қ.), Саржайлау (ән) деп қолданады екен. Сарғаюдан аман. Ал біздің облыстық дидар газеті ол ән туралы «СарЫжайлау әні қазақтың бейресми әнұраны десек те жарасатын сияқты» (Дидар 03.05.13).

 

Жарайды, дауласқанда айтқанынан қайтпайтын өркөкректер болады. Олар ағаш та сары, арқа да сары, жайлау да сары деп, қазіргі жазып жүргеніміз дұрыс деп тұрып алды делік. Мен онда тағы бір «Ы» ға қарсы дәлел айтайын. Жалпы лингвистика бойынша европа тілдерінде гаплология деген заңдылық бар. Ол бойынша қатар келетін екі дауысты дыбыстың (буынның) бірі түсіп қалады: пыперец – перец, знаменоносец – знаменосец...

Сол сияқты СарЫарқа дегендегі «Ы» түсіп қалып САРАРҚА болу керек
Бірақ, бұған да қарсы: жоқ, ол европалық тілдер, біз азиатпыз деп қасарысу мүмкін.

Ғаббас Құмаров

 
1
0
2693

Еще по теме