Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮШ КҮН ІШІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ТАРАПЫНАН ЖОЛ БЕРІЛГЕН 389 БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Жедел-алдын алу іс-шарасының басты мақсат – жолаушылар тасымалдау саласында қауіпсіздік деңгейін арттыру. Операцияны өткізуге күнделікті 400-ден астам полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Үш күн ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жол берілген 389 бұзушылық анықталды. Жолаушыларды тасымалдау кезінде рөлде отырып телефонмен сөйлескен 100 астам жүргізуші, жылдамдықты асырған 38 жүргізуші назарға ілінді. 19 жүргізушіде көлік құралын басқаруға қажетті құжаттар болмаған. Сонымен қатар, қалааралық қоғамдық көліктер де ерекше бақылауға алынды. «Оңтүстік» бақылау бекетінде Петропавл қаласына кіру кезінде бір сағат ішінде бірден екі бұзушылық анықталды. Түркістан облысына бағыт алған автобустың салонында жолаушылардың саны отыратын орын санынан артық болған. Нәтижесінде 43 жастағы жүргізуші ҚР ӘҚтК 593-бабы 1-бөлігі бойынша жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ еліміз арқылы Петропавлдан Сарыағашқа жолаушыларды тасымалдайтын басқа автобустың жүргізушісінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету үшін қажетті дәрі-дәрмектер мен заттардың тізімі болмаған. Жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, ең бастысы ендігі жолы осы сияқты фактілердің орын алмас үшін онымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Арыстан Сұлтанғазиевтің айтуынша, «Автобус» операциясының басты мақсаты тек анықталған құқық бұзушылықтардың саны емес, жолаушылардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету мен жол-көлік оқиғасының алдын алу болып табылады. Ағымдағы жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы үшінші рет өткізіліп отыр.

СҚО ІІД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

-1
0
618

Еще по теме