Сахна саңлағы – Серәлі Қожамқұлов
Бүгін өнер әдебиеті бөлімінде «Сахна саңлағы – Серәлі Қожамқұлов» атты іс-шара өтті. Бұл шара жерлесіміз, театр және кино актері, Қазақ КСР-інің Халық әртісі, Қазақстандағы драмалық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Серәлі Қожамқұловтың 130 жылдық мерейтойына арналды. Іс-шара барысында қатысушылар оның өмірбаянына қатысты қызықты деректермен танысып, арнайы дайындалған викторинаға белсене қатысып, өз білімдері мен қызығушылықтарын көрсетті.



