Перейти к содержимому
Обложка сообщества Культура

Сахи Романов туралы

Талантты қазақ кино суретшісі, график, кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романов Александр Иванович (1926 -2002) Қызылорда облысының Қазалы ауданына қарасты Қарақұм ауылында дүниеге келген.

Өмірбаянына қарап отырып, әкемнен бір жас үлкен екенін байқадым және оның балалық шағы Ашаршылық заманына тұспа тұс келген ғой деп ойлап үлгердім де, жанталаса ақпар іздедім. Болжамым алдамапты.

Әке-шешесі репрессия құрбаны екен. Соған қарағанда зиялы қауым өкілі болар деп болжаймын. Ал, жастайынан жетім қалған Сахи Қазақстан ғана емес, Ресейдің, Украинаның талай балалар үйінде тәрбиленіпті. Бір ғана балалар үйінде өспей, бәлен республикада болуы ол да зерттеуді талап етер тақырып.

Сталиндік режимнің аяусыз машинасы оны сындыра алмапты. Сахи керісінше өмірге құштар болды, әсіресе суретке жақын еді, сол жолда көп ізденеді. Бәлкім, жоғалтқан ата-анасын сағынып, олар туралы ойлар бала қиялын шыңдай түскен шығар. Тұл жетім бала балалар үйінде сөйтіп Александр Иванович Романов болып кетеді. Бірақ, оның жан-дүниесі, пайымы, өмірге көзқарасы қазақи еді. Өмір оны шынықтыра түсті, сөйтіп ер жеткен кешегі балаң жігіт Екінші Дүниежүзілік соғысқа да қатысты.

Куйбышев қаласында сурет сала бастайды. 1944-47 жылдары Мәскеу көркемсурет орта мектебінде, 1947-48 жылдары Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтында оқыған. 1955 жылы Мәскеудегі Кинематография институтын бітірді. Сахи Романов «Қанатты сыйлық», «Алдар көсе», «Ән қанаты», «Жангелдин отряды», «Найзатас баурайында», «Құлагер», «Даладағы қуғын» фильмдерінің декорациясымен костюм нобайларын, «Қырық өтірік» ертегісінің графикалық иллюстрацияларын және «Құрманғазының өмірі мен шығармашылығы» топтамаларын жасады. Сондай-ақ «Ант. Жер туралы декрет», «Отан аспаны аясында», «Бектау ата» топтамасын, «Аврора жаңғырығы» және т.б. көптеген картиналарды салды.

Сахи Романов бар өмірін қазақ көркемөнеріне, мәдениеті мен киносына арнады. Ол өз өмірлік ұстанымынан тайған емес, басқаша болуы да мүмкін емес еді. Кеңестік репрессия құрбандарының ұрпағы, өзі де Ашаршылық құрбаны Сахи Романов бейнесі осындай!

Материалда Интернет деректері пайдаланылды.

#Сахи Романов

#Ашаршылық ақиқаты

#Amandyq Amirkhamzin

0
0
4299
Баннер сообщества Культура

Еще по теме