Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

САҚШЫЛАР МАМЛЮТ ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДАРЫНДА ЖОЛДАН ШЫҒЫП КЕТКЕН ЕКІ ЖҮК КӨЛІГІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Мамлют ауданы ПБ кезекші бөліміне «Челябі-Новосібір» автожолының 485 шақырымында Мамлют ауданындағы Белое селосының маңында «КамАЗ» көлігінің жол шетінде ауып жатқаны туралы жергілікті тұрғыннан хабар келіп түскен. Оқиға орнына полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлері шықты.Шымкент қаласынан Ресей Федерациясының Қорған қаласына 30 тонна пияз тиеп кетіп бара жатқан көліктің салонында Түркістан облысының екі тұрғыны: 57 жастағы жүргізуші мен көліктің 1995 жылы туған иесі болыпты. Аударылу нәтижесінде ешкім зардап шекпеді.

Мамлют ауданы полиция бөлімінің және Төтенше жағдайлар бөлімінің, көлік иесінің және жергілікті ттұрғындар арасынан шыққан еріктілердің күшімен «КамаАЗдағы» пияз басқа орынға түсіріліп, аударылып жатқан көлік жол үстіне шығарылды. Түсірілген пияз көліккке толықтай қайта тиелді.

Қазіргі уақытта Қызылжар ауданында тіркемесі бар «Скания» автокөлігін жол үстіне шығару жұмыстары жүргізілуде. Архангельское ауылының маңында жергілікті маңызы бар жолдағы шұғыл бұрылыста Белоруссия елінің 37 жастағы тұрғыны Бельгия елінен Көкшетау қаласына 20 тонна гербицид әкеле жатып, көлік тізгініне ие бола алмай жолдан шығып кетіпті. Оқиға орнында патрульдік автокөлік кезекшілік етуде. Жүргізуші ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

«Автожолдардағы учаскелерде кезекшілікте жүретін патрульдік полицияның экипаждары өздерінің учаскелерінде орын алған оқиға орнында мәселенің басы шешілгенше кезекшілік атқарады. Қызметкерлер жүктің күзетілуін қамтамасыз етеді. Көмек күтіп отырған жүргізушілерді көліктерінде жылытады, ыстық тамақ ұйымдастырады. Қажет болған жағдайда көліктерді діттеген жерлеріне дейін жеткізіп салады», - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов.

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері терскейлік ауа райында жолда қалып қойып, көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге бағдарлаған.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
510

Еще по теме

САҚШЫЛАР МАМЛЮТ ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДАРЫНДА ЖОЛДАН ШЫҒЫП КЕТКЕН ЕКІ ЖҮК КӨЛІГІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ - Yvision.kz