Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО ЖОЛДАРЫНДА ЖЫЛДАМДЫҚТЫ АСЫРУ ТУРАЛЫ ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ЕСКЕРТЕТІН ЖЫЛДАМДЫҚ ӨЛШЕГІШ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Петропавлда жыл басынан бері 120 жол белгілері орнатылды. 4 жаяу жүргіншілер жолы мектепке дейінгі және оқу орындарына жақын жерге орналастырды. Жол қозғалысын ұйымдастыру жұмысы СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерінің тұрақты бақылауында. «Биылғы жылы Қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру үшін 5 «белсенді» жол белгілері орнатылды. 2 жалпы білім беретін мекеме орналасқан ауданда жалпы ұзындығы 80 метр жасанды жарықтандыру орнатылды», - деді СҚО ӘПБ бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов.

Өткен жылы Республикалық маңызы бар трассада орнатылған техникалық жаңалықтарға солтүстікқазақстандық жүргізушілер өз бағасын берді. Аққайың ауданында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін «Астана-Петропавл» автожолында жүргізушілерді жылдамдық режимін арттыру туралы ескертетін жылдамдық өлшегіштер орнатылды. Бұл электронды таблоның басты міндеті - жүргізушілердің назарын аудару, оларды автокөлігінің жылдамдығы туралы хабардар ету. «Егер жылдамдық режимі артпаса, таблода сандар жасыл түспен жанады, ал егер жылдамдық артса, таблода сандар қызыл түспен жанады және автокөліктің қозғалыс жылдамдығы көрсетіледі», - дейді Әкімшілік полиция басқармасы.

Қазіргі уақытта Оқушылар сарайының аумағында жол қозғалысын ұйымдастыру өзгертілді. Автотұраққа кіруді шектейтін жол белгілері демонтаждалды. Енді жүргізушілер бағдаршам объектісі жұмыс істейтін орталық кіреберістің қиылысында оңға немесе солға бұрыла алады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерді пайдаланушылар осы ғимараттың жол қозғалысын жайсыз ұйымдастыру мәселесін атап көрсеткен еді.

СҚО ІІД баспасөз қызметі

0
0
570

Еще по теме