Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ҮШ КҮНДЕ МЫҢҒА ТАРТА БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысында «Тұрмыс. Қадағалау. Алкоголь» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Мақсат – қоғамдық орындарда, отбасылық-тұрмыстық салада, мас күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау.

Полицейлер түрлі есептерде тұрған 3000 астам адамды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерді. Адамдар көп жүретін орындарда жұмыстар күшейтілді. Сауда нүктелері мен ащы суды бірлесіп ішетін азаматтардың орындарына айналатын жалға берілетін пәтерлер де назарда болды.

«Жедел-профилактикалық іс-шараның үш күнінің нәтижелері бойынша 948 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Олардың басым бөлігі алкогольмен байланысты. 21 жасқа толмаған тұлғаларға спирттік ішімдіктер сатқаны үшін 7 дүкеннің иелері жауапкершілікке тартылды, қоғамдық орында мас күйде жүру мен спирттік ішімдіктер ішу үшін 248 хаттама толтырылды. Кей уақытта отбасылық-тұрмыстық салада құқық бұзушылықтардың орын алуына алкоголь себеп болып жатады. Отбасыларында жанжал шығарғаны үшін 45 адам жазаланды. Облыс жолдарында тәртіп сақшылары рөлге мас күйде отырған 9 адамды тоқтатты».

Акцияның негізгі бағыттары бойынша жүрігізілетін жұмыстар алдағы уақытта да қолға алынбақ.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
481

Еще по теме

СҚО ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ҮШ КҮНДЕ МЫҢҒА ТАРТА БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ - Yvision.kz