Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ КӨЛІК ТІЗГІНДЕГЕН 57 НАШАҚОРДЫ АНЫҚТАДЫ

Барлық жүргізушілер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 608-бабына сәйкес жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұдан бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған, есірткі пайдалануға бейім 2 әуесқой жүргізушіге қатысты әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылды.

Бұдан басқа, Петропавл қаласында тәртіп сақшылар 38-жасар қала тұрғыны басқарған «Opel Astra» автомобилін тоқтатты, ол бұдан бұрын да есірткілік масаю күйінде рөлге отырған болатын. Салынған жазасының мерзімі өткен кезден бір жыл да өтпеген. Оған 15 тәулікке қамауға алу және 6 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы қолданылды.

«ЗАЗ-Шанс» автомобилінің рөліне отырған тағы бір солтүстікқазақстандық еліртпені қайта қолданғаны үшін 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Медициналық куәландыру одан есірткілік масаңдықты анықтады, ал деректер базалары бойынша тексерген кезде оның бұған дейін де «елітіп» жолға шыққанын, оның жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі аяқталмағанын анықтауға мүмкіндік берді.

«Рөлге отырған нашақор – қылмыскер болып табылады, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Мұндай адамдардың жолға шығуына жол бермеу – тәртіп сақшыларының маңызды міндеттерінің бірі. Қоршаған адамдардың өмірі мен денсаулығын тәуекелге тігетін жүргізушілерге қатысты заңнамамен көзделген ең қатаң шара қолданылатын болады».

Өткен жылы есірткілік масаю күйінде болған жүргізуші кесірінен бір ЖКО тіркелді, Петропавл қаласының жолдарында «ВАЗ» автомобилін басқарған Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны қарсы бағытта соқтығысқан. Жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан 5 жылға айырылды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
507

Еще по теме

СҚО ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ КӨЛІК ТІЗГІНДЕГЕН 57 НАШАҚОРДЫ АНЫҚТАДЫ - Yvision.kz