Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО ПОЛИЦИЯСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ

Интернет-пайдаланушылардың сұрақтарына облыстық полицияның Штаб бастығы және Көші-қон қызметі басқармасының бастығы жауап берді.

Екі сағаттық онлайн-конференция барысында ішкі істер органдарының екі ауқымды жұмыс желісі қарастырылды: қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініштер мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу, сонымен қатар мигранттарға еңбек етуге рұқсат беру, құжаттандыру, азаматтарды тіркеу және тұрақты тұру жерін ресімдеу сияқты мәселелер. Қызметкерлердің тікелей эфирге шығуы жайлы алдын ала Полиция департаментінің ведомстолық аккаунттарында хабарланды. Аудиторияның сұрақ қоюына қолайлы болу үшін бірден екі сайт қосылды: Facebook және Instagram. Сондай-ақ, WhatsApp мессенджері арқылы да сұрақ қою мүмкіндігі болды.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары аталған тақырыптарға қызығушылық танытты. Көші-қон қызметі желісі және Штаб желісі бойынша 24 сұрақ келіп түсті. Сұрақтардың басым бөлігіне жауап тікелей эфирде берілді, кейбірі пысықталып, кейін жазбаша жауап беру үшін қалдырылды.

«Халықтан өтініштер мен хабарламаларды қабылдау тәртібі, уақтылы орындалуы, ережесі, оның ішінде кезекші бөлімдерге жүгіну, оқиға орнына жедел топтар мен нарядтардың шығу тәртібі бойынша сұрақтардың келіп түскені бізді қуантады. Сонымен қатар, бейнебақылау камераларынан бейнежазба алу тәртібі бойынша да сұрақтар болды. Сондай-ақ, тікелей эфир барысында азаматтардың әрдайым жүгіне алатын байланыс телефондары көрсетілді. Онда білікті мамандар толық әрі жан-жақты жауап береді», - дейді СҚО ПД Штаб бастығы полиция полковнигі Сәуле Андағұлова.

СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция майоры Талғат Әбіловтің айтуынша, пайдаланушылардың көпшілігін демалыс маусымы қарсаңында құжаттарды қысқа уақыт ішінде дайындау, оларды жасау мерзімі мен шетел азаматтарының жұмысқа орналасу рәсімдері қызықтырды. Келесі тікелей эфир Криминалдық полиция және Тергеу басқармалары басшыларының қатысуымен болады. Өтетін күні жайлы хабарландыру облыстық полицияның ведомстволық акаунттарында алдын ала жарияланады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

LIVE 🔴 Facebook:

https://www.facebook.com/skodvd/videos/432929470613724/

https://www.facebook.com/skodvd/videos/418226398736432/

0
0
485

Еще по теме

СҚО ПОЛИЦИЯСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ - Yvision.kz