Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ХАЛЫҚТАН ЗАҢСЫЗ САҚТАУДАҒЫ 107 ҚАРУДЫ САТЫП АЛДЫ

"Тимирязев ауданының 33 жасар тұрғыны даладан табылған 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығын полицейлерге тапсырып, акцияның соңғы қатысушысы атанбақ, - дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов. - Қару барлық қажетті сараптамалардан кейін екінші санат бойынша бағаланса (бұрын қолданыста болған тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы қару), оған 53 025 теңге төленеді – бұл облыста бөлінген 6 млн. теңгеге шақталған акция бюджетін толығымен жабады".

3 айдың ішінде 5 миллион 900 мың теңгеден астам қаражат игерілді. Енді атыс қаруының 107 бірлігі, оның ішінде 13 ойық қару және 1 травматикалық тапанша Солтүстік Қазақстандықтардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмейді. Сондай-ақ халықтан 700-ге жуық патрон сатып алынды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
233

Еще по теме