СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЗАБЫН КӨРСЕТТІ
Спектакль қазақстандық автор Сергей Баймұхаметовтің «Сны золотые: исповеди наркоманов» атты кітабының желісімен жеке форматта өтті: актёр мен көрермен арасында шек болған жоқ. Көрермен орындықтары сахна үстіне орналастырылды, жұпыны декорациялармен ара қашықтық - қол созым жер.
Н. Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық драма театрының режиссёрі Тимур Каримжановтың қойылымы, көрсеткен індеттің өзі сияқты агрессияға, мейрімсіздікке толы. Спектакльде театрдың барлық суреттеу құралдары қолданылды. Тар сахна бейнеэкранмен толықтырылып, жарықтық және акустикалық әсерлер кеңістікті қанықтырды. Іс-қимылдар көрерменге таяқ тастам жерде орын алды, нашақорлық тозағы жақында, алыста деу ретсіз екендігін меңзегендей...
Әдеби материалды «погондиндықтар» полицейлердің сұрауы бойынша таңдаған. «Вербатим» жанры - жаңа жанр, деректі пьесса негізіндегі, көркем боямасыз, нақты адамдардың монологі. Тағы бір ерекшелігі: спектакльден соң көрерменге диалог ұсынылады. Әрине, жас көрермендер қуана-қуана үн қосып, өз пікірлерін білдіреді. Бұл, жиіркендіретін ауыр көріністен алған әсерлерінен арылуға, көз алдында болған оқиғаны ой елегінен өткізуге септігін тигізеді.
Қайырымдылық көрсетілімді №32, №42 мектептердің 10 сынып оқушыларына, Петропавл теміржол колледжінің және СҚМУ студенттеріне арнап СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды.
«Жас көрермендердің белсенді пікір білдірулері бізді қуантады, - дейді басқарма бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. – Бойларында белсенді өмірлік ұстанымдарының, берік принциптерінің бар екендігін білдіреді. Бұл қасиеттердің өзі «удың» арбауына түсуден, әуестенуден қорғаныс болады. Спектакльге шақыру – Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне арналған айлық аясында өткізілетін іс-шаралардың алғашқысы».
Жандос Басыбаевтың айтуынша, түсіндіру жұмыстары терең эмоционалдық әсер алуға арналған көрнекті акциялармен кезектесіп отырады. Олардың ішінде – чемпиондармен ашық жаттығулар, жазғы демалыс лагерлеріндегі ойындар, спорттық іс-шаралар да бар.
СҚО ПД баспасөз қызметі
