Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЖАРҒЫЛАР БОЙЫНША БІЛІМІН ЖӘНЕ САПТЫҚ ДАЙЫНДЫҚТАРЫН КӨРСЕТТІ

Тәртіп сақшылары үшін бұл шағын сынақ болды.

Құжаттардағы ұқыптылық, мінсіз нысанды киім, жарғыны бес саусағындай білу. «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының стадионында бөліністер басшылары жеке құрамның көктемгі-жазғы маусымда қызмет өткеруге дайындығын тексерді. Әр басшының дайындық бойынша есебін СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетабев қабылдады.

Полиция қатарына жас 5 қызметкер қосылды. Жас қызметкерлер басшылықтың, ардагерлер мен туыстарының алдында Отанына адал қызмет етуге Ант берді. Жас полицейлердің туыстарының осындай іс-шараларға қатысуы Департаментте дәстүрге айналды.

«Бүгінгі күн – жас қызметкерлер үшін ерекше күн болмақ», - дейді Қапез Дәулетбаев. – олар ант қабылдап, өмірлерінің жаңа кезеңіне қадам басты. Жаңа қосылған полциейлер аға буынның қызметтерін мінсіз әрі абыроймен жалғастырады деп сенеміз».

Жас қызметкерлерді ант қабылдауларымен ішкі істер органдарының ардагерлері де құттықтады. Бұдан басқа, төрт қызметкер жаңа шендерін алды.

Байқаудың соңында полицейлер мінсіз саптық дайындықтарын көрсетті. 9 саптық қорапшаны құраған қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері салтанатты маршпен өтіп, кейін қызмет орындарына аттанды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
536

Еще по теме