СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЖАҢҒЫРТУ БАРЫСЫНДА СЫРТҚЫ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН 139 БЕЙНЕКАМЕРАҒА АРТТЫРДЫ
Бейнебақылау камералары жүйесін кеңейтудегі басты қадамның бірі - кәсіпкерлердің өз объектілерін бейнекамералармен жабдықтап, тәртіп сақшыларының мониторына бейненің қосылуын қамтамасыз етуі. Бұл жұмыс облыс орталығында ғана емес, аудандарда да жүзеге асырылуда.
Жартыжылдық қорытындысы бойынша сыртқы камераларды орнатуда Аққайың ауданы көш бастады, онда кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар орнатқан 48 камера полицияның кезекші бөліміне қосылды. Мамлют ауданы да көштен қалатын емес, мұнда 6 ай ішінде 39 сыртқы камера орнатылып, кезекші бөлімге шығарылған. Мағжан Жұмабаев ауданында: аудан орталығында 26 сыртқы камера және Қарақоға селосында 1 камера орнатылған, бұл тәжірибе бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда.
Солтүстік Қазақстан облысының ІІО жалпы бейнекамералардың саны 1277 бірлікті құрайды. Оның ішінде жыл басынан жергілікті бюджет есебінен 17 жаңа камера орнатылды және қосалқы бейнетіркегіштердің 122 камерасы қосылды, бейнелер кезекші бөлімге, учаскелік полиция пунктіне немесе учаскелік инспекторлардың планшеттеріне түседі.
Жыл басынан облыста бейнекамералардың көмегімен 8045 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 62 қылмыс ашылды.
Бүгінгі таңда мобильді принтерлері бар жиынтығымен 300 планшет сатып алуға мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу үшін конкурстық құжаттама дайындалды, 127 планшетті жеткізуге шарт жасалды. Бұл жабдық «ӘӨБТ» ақпараттық жүйесі - Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімімен жұмыс істеуге толық көшу үшін қажет, ол автожолдарда хаттамалар толтыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға септігін тигізеді. СҚО әкімдігі патрульдік полиция бөліністері үшін алып жүретін 300 бейнетіркегіш сатып алуға қаражат бөлді.
«Халықтың қажеттілігіне бағдарлаумен және кадр құрамын оңтайландырумен қатар ІІО жаңғыртудың үшінші бағыты – полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ететін цифрлық технологияларды енгізу болып табылады», - деп атап өтті СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев. – Біріншіден, бұл бейнетіркеу жүйесі мен іс жүргізудің электрондық түріне көшу – материалдарды фальсификациялау тәуекелін азайтады».
Бүгінгі таңда СҚО-да әр төртінші қылмыстық іс электрондық түрде жүргізіліп, аяқталады: 4836 өндірістің 1120-сы, оның жартысы – ауырлығы орташа (жаңалықты игеру кезінде «Е-ҚІ» форматында тек аса ауыр емес істер ғана тергелген).
«Цифрлық форматта істерді жүргізу тәжірибесін кеңейтуіміз қажет», - деп тоқтала кетті полиция ведомствосының басшысы. – Жоғары технологияларды меңгерген полиция ғана уақыт пен қазіргі заман талабына сай келеді».






СҚО ПД баспасөз қызметі
Instagram: instagram.com/sqo_pd/
Facebook: facebook.com/skodvd
YouTube: youtube.com/channel/UCYrbbnmE9GXxlF8ZbR6St4Q
Twitter: twitter.com/dp__sko
ВКонтакте: vk.com/public55111848
Одноклассники: ok.ru/group51782720159877
Мой Мир: my.mail.ru/community/dvdsko/
