СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ: «ӨЗАРА СЫЙЛАСТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІҢ НЕГІЗІ»

«Еңбекқорлық және бір-біріне деген құрмет» – табысқа жетудің, кәсіби тұрғыдан өсудің құпиясы осында, деп санайды жас офицер Илья Джадугишвили. Тимирязев ауданының полиция бөлімі лейтенантының ұлты – грузин, Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келіп, ер жетті. Осы жерде отбасын құрып, өзінің жанына жақын мамандықты таңдады. Тергеуші болып бірнеше ай жұмыс істесе де, оның қолынан ондаған қылмыстық іс өтті. Осы аз уақыттың ішінде ол бірнеше алдаудың арбауына түскен адамдармен кездесті. «Күнделікті жұмысының нәтижесін адамдардың ұрланған мүліктерін қайтарғанда, оларды әділдікке сенуге шақырғанда көресің және сізге ол адамның мәртебесі, ұлты, жасы маңызды емес. Осының өзі құрмет пен ынтымақтастық», - дейді Илья Георгиевич.
Ішкі істер органдарында татулық қарым-қатынаста қазақтар, орыстар, немістер, башқұрттар, украиндар, қырғыздар, молдовандар, әзербайжандар, корейлер, белорустар, грузиндар, поляктар, ингуштар, армяндар, шешендер және грек қызмет етеді. «Барлығының міндеті бір – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бірлік пен бейбітшілік – бұл біздің басты байлығымыз, еліміздің гүлденуінің іргетасы. Осындай маңызды құндылықтарымызды сақтауда құқықтық тәртіпті қадағалайтын тәртіп сақшыларының рөлі ерекше. Менің ойымша, полиция ұжымындағы ынтымақтастық қарым-қатынас өзгелерге өзара сыйластықтың үлгісі болуы тиіс», - деп атап кетті СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қайрат Оразалин, жеке құрамды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтау сөзінде.
Қылмысқа қарсы күресте өз үлесімді қоса отырып, қазақстандық қоғамға пайдамды тигізу, - басты ісім деп санайды Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Иван Терзиди.

Ішкі істер органдарында қызмет атқарған 12 жыл ішінде түрлі адамдар кездесті. «Ең бастысы – адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы, адамды жасаған ісі бойынша сынаған жөн. Адал, бейілді және шынайы қарым-қатынас бізді және болашаққа нық сеніммен қадам басқан елімізді мықты етеді», - дейді Иван Савельевич. Айта кететіні, оның ұлты грек, грек халқының салт-дәстүрін ғана емес, өзге ұлттардың да дәстүрін құрмет тұтады. Жастайынан қазақ және орыс балаларымен бірге өскен. Осы интернационалдық достық оған күш-қуат, жігер беріп, бойына мақтаныш сезімін ұялатып, өмірдің кірпіші болып қалануға септігін тигізді.

Қызылжар АПБ Соколов поселкелік полиция бөлімінің ұжымы өз әріптестеріне тату интернационалдық қарым-қатынастың үлгісі бола алады. 15 адамнан тұратын шағын ұжымда - қазақ, орыс, әзірбайжан және шешендер қызмет етеді. Бөлім бастығы полиция майоры Эльдар Аллахверанов - өз кіші Отанының нағыз патриоты. Ол Соколовкада туып, сол жерде өскен. Қызметте жинаған мол тәжірибесіне қарамастан, ауылдастарының игілігі үшін қызмет еңбек етуде.
Барлығы СҚО ішкі істер органдарында 17 ұлттың өкілі қызмет етеді.

Динара Сағындықова СҚО ПД баспасөз қызметі
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
