Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ 82-ЖАСАР ТҰРҒЫНЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАСАЛҒАН ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛДЫ АШТЫ

Қылмыскерлер әйелдерді байлап, соққыға жығып ақша талап еткен. Қаскөйлер тауып алған жарты миллионнан астам теңгені, сондай-ақ күтушінің сөмкесін алып іздерін суытқан. Байлаулы күтуші жіптен әрең дегенде босап шығып, «102» телефонына хабарласты.

Қарақшылық шабуылды ашуға облыстың және қаланың барлық жедел бөліністері тартылды. Учаскелік полиция инспекторлары және патрульдік полиция батальонының қызметкерлері есептегі тұлғаларды және барлық күдікті адамдарды егжей-тегжейлі тексерді. Криминалдық полиция басқармасы және криминалдық полицияның аумақтық бөліністері ақпаратты тірнектеп жинады. Бензострой ауданындағы автокөліктердің қозғалысын бақылауға бейнебақылау камераларының да септігі тиді.

«Нәтижесінде күдікті тұлғалар анықталды: бұрын бірнеше рет тонау мен қарақшылық үшін сотталған 1978 жылы туған СҚО тумасы, қазіргі уақытта елорданың тұрғыны және Петропавл қаласында тұратын, есірткіні сатқаны үшін екі рет сотталған 1970 жылы туған оның танысы», - деді СҚО ПД "Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов. – ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі «Қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды».

Жалпы жыл басынан облыста 5 қарақшылық шабуыл тіркелді, барлығы ашылды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
291

Еще по теме

СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ 82-ЖАСАР ТҰРҒЫНЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАСАЛҒАН ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛДЫ АШТЫ - Yvision.kz