Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

300-ден астам солтүстікқазақстандық полиция қызметкері Қазақстан Конституциясы көшесіндегі Тәуелсіздік Стелласы маңындағы алаңға жиналып, Қазақстан Республикасының Гимнін орындады. ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты жиынға ішкі істер органдарының ардагерлері, жас офицерлер мен сержанттардың ата-аналары қатысты. Үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен Ту ұстаушы топ алаңға Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасын алып шыққан соң барлық қатысушылар Мемлекеттік Гимнді орындады.

Бұл күн 25 жас полицей үшін ерекше болмақ. Олдардың 8-і ант қабылдап, қызметтік міндеттерін адал атқаруға серт берді. Сондай-ақ, солтүстікқазақстандық полицияның жас құрамы атақтары мен алғашқы қызметтік уәліктерін алды. «Сіздердің кәсіби еңбектеріңіз – азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Әрқайсыңыз нағыз маман болып қалыптасуда бар күш-жігеріңізді салып, жүктелген міндеттерді орындап, тәлімгерлеріңіздің сенімін ақтайсыздар деген сенімдемін», - деді СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев.

«Мемлекеттік рәміздер күнінде көптен күткен атағымды алып отырғамына қуаныштымын. Полицияда қызмет атқарып жүргенімді мақтан тұтамын. Бұл басшылықтың, азаматтардың маған артып отырған сенімі деп білемін. Қойылған тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға тырысамын», - дейді Петропавл қ. Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Бердияр Баймұрзаев.

Іс-шара соңы сақшылардың салтанатты маршпен өтуіне ұласты. Кейін барлығы қызметтік міндеттерін атқаруға кірісіп кетті.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
430

Еще по теме

СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ - Yvision.kz