Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ БАЛАЛАРЫ ПИРОТЕХНИКАҒА ӘУЕС БОЛҒАН 5 АТА-АНАНЫ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТТЫ

Желтоқсанның 18-і мен қаңтардың 3-і аралығында облыста «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шара өтті. Акцияның мақсаты – айналымнан адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін лицензияланбаған пиротехникалық бұйымдарды алу. Іс-шара полиция күштері мен құтқарушылардың бірлесуімен өткізілді.

Жүзден аса сауда нүктелері бойынша рейд жүргізілді. 15 сатушы сәйкес құжаттармен сауда жасаудың заңдылығын растай алмады. Олардың барлығы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 196-бабы «Заңсыз сауда жасау» бойынша жауапкершілікке тартылды, оның санкциясы 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді. Мыңға жуық қауіпті тауар алынды. Бұдан басқа, балаларын назардан тыс қалдырып, пиротехниканы қолданған жол берген ата-аналарға қатысты 5 әкімшілік хаттама толтырылды.

«Операцияның басты міндеті қоғамдық тәртіп пен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, - деп атап кетті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов. – Рейдтік іс-шаралардан басқа, тәртіп сақшылары жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында халыққа пиротехникалық бұйымдарды пайдалану қағидалары туралы айта отырып, түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысты».

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
314

Еще по теме

СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ БАЛАЛАРЫ ПИРОТЕХНИКАҒА ӘУЕС БОЛҒАН 5 АТА-АНАНЫ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТТЫ - Yvision.kz