СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ БҰРЫН СОТТАЛҒАН ПЕТРОПАВЛДЫҚТАН ҚОЛДАН ЖАСАЛҒАН РЕВОЛЬВЕР ТӘРКІЛЕДІ
Күдікті қаруды 1999 жылы Аққайың ауданы Қиялы ауылының қасында тауып алғанын айтты. Сараптама көрсеткендей, қару «наган» жүйесі револьверінің бөлшектерін пайдаланумен қолдан жасалған атыс қаруы болып табылады. Қару 5,6 мм калибрлі оқпен атуға жарамды болып танылды. Барлық белгілер бойынша қару 1990-шы жылдардың басында жасалған. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
«Криминалдық есептер арқылы тексере келе, аталған қарумен қылмыстың жасалмағаны анықталды, - деді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов. – Егер күдікті тіркелмеген қаруды өз еркімен – ақылы тапсыру акциясы кезінде тапсырса, заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылып қана қоймай, 70 мың теңгедей сыйақыға ие болар еді».
Жалпы жыл басынан облыста заңсыз сақталған 2 атыс қаруы, 12 калибрлі 28 аңшы патрондары, сондай-ақ оқ-дәрілерді жасау кезінде жұмсалатын материалдар: жалпы салмағы 3 кг. жуық 3 банка оқ-дәрі және 1 кг. жуық бытыра алынды.
СҚО ПД баспасөз қызметі
