СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 200-ДЕН АСТАМ ЕСІРТКІ ГРАФФИТИІН БОЯДЫ
Қазіргі уақытта 8-707-500-96-65 нөміріндегі чатқа Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, 100 ПИК басшысы мен ТКШ қалалық бөлімінің өкілдері тіркелген.
Чатқа тәулігіне 6 жуық хабарлама келіп түседі. Әрбір хабарлама егжей-тегжейлі тексеріледі. «Чаттың негізгі мақсаты – есірткі сайттарының жарнамалары салынған граффитиді жою,- деп түсіндірді СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. – Қауіпті жазбаны кез-келген адам өшіре алады немесе нақты мекенжайды көрсете отырып, суретін чатқа жолдауға болады. Полицейлер, ПИК және ТКШ арасындағы міндеттер басынан белгілі болды. Қызметкерлеріміз жедел, алдын алу жұмысынан босамаса да, жыл басынан чат ақпараты бойынша 209 есірткі граффитиін бояды».
Сондай-ақ, чаттың мәліметтері арқылы есірткі жарнамасын таратқан 7 адам (кәсіби сленгте полицейлер оларды «трафаретпен салушылар» деп атады) және 2 «салушы» бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Есірткі сайттарының жарнамасын қылмыстық құқық бұзушылық деп саралайтын заңнамадағы өзгерістер 5 шілдеден күшіне енеді. Тыйым салынған заттар тізіміндегілерді таратқан «салушылар» қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Жыл басынан ЕҚҚКБ қызметкерлерімен 740,67 гр. дизайнерлік есірткі алынды. Сондай-ақ, есірткі сататын 97 интернет-ресурстың басым бөлігі чат көмегімен бұғатталды.
Тәртіп сақшылары алынған ақпарат белгілі бір аудан бойынша жедел мәліметті толықтыратындықтан, құнды екенін атап өтті. Мәліметтерді талдай отырып, полицейлер жаңа құқық бұзушылықтарды анықтайды.
Чаттың жұмысы арқылы бейжай қарамайтын азаматтар мен құқықтық тәртіп органдарының тікелей өзара іс-қимыл жасасуының тиімділігін көруге болады.
