СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 18 ЖҮРГІЗУШІ-НАШАҚОРЛАРДЫ ЖАУАПКЕШІЛІККЕ ТАРТТЫ
«Жылдамдықты асыру, сенімсіз маневр жасау – мас күйде машина жүргізудің негізгі белгілері, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Мұндай фактілердің жолын кесу – патрульдік полицейлердің маңызды міндеттерінің бірі, масаң күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіретіні анық».
…Мамыр айының соңында аудан орталығы Мамлюткада жүргізуші дүкен маңындағы тұрақтан көлігімен артқа қарай қозғалып жатқанда, біреудің көлігіне зақым келтіріп, оқиға орнынан тайып тұрған. Бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер араға 10 минут салып, 31 жасар аудан тұрғынын ұстады. Сараптама жүргізушінің есірткілік масаң күйде екенін көрсетті. Ол сот шешімімен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің екі бабы бойынша көлік құралын басқару құқығынан 6 жыл мерзімге айырылды: оқиға болған жерден кетіп қалу - 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру (ҚР ӘҚБтК 611-б. 2-б.) және өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан, жүргізушінің көлік құралын есірткілік масаң күйде басқаруы - көлік құралын басқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыру (ҚР ӘҚБтК 608-б. 3-б.).
Анықталған жүргізуші-нашақорлардың басым бөлігіне көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыру жазасы кесілді.
Келесі бір жағдайда Ғ. Мүсірепов ат. ауданның 29 жасар тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды: бұрын басқару құқығынан айырылса да, каннабиоид әсері бола тұра рөлге отырған.
Масаң күйде көлік басқару фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс тәртіп сақшыларымен ұдайы жүргізіліп тұрады.

СҚО ПД баспасөз қызметі
