Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО ПД БАСТЫҒЫ 20 АСТАМ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГТАҒЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Полиция генерал-майоры Берік Біләлов селолық учаскелік инспекторларының жұмыс жағдайымен жеке танысып, олардың жұмысы туралы ауылдықтардың пікірін білді.

Қызылжар ауданының Бугровое селолық округінде 900 астам адам тұратын 5 ауыл бар. Соңғы екі жылда оларға учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ерлан Барбанов қызмет көрсетуде. Ол облыстық полиция бастығы, ауданы әкімі Жанат Садуақасов пен ауыл тұрғындары алдында ұрлықтың алдын алу және әкімшілік теріс қылықтар бойынша шаралар туралы есеп берді. Жыл басынан округте 6 қылмыс тіркелген және 58 әкімшілік құқық бұзушылық ашылған. Полиция генерал-майоры Берік Біләлов ашылмаған қылмыстарды ашу бойынша жұмысты жандандыруға жалпы нұсқау берді. Соңында жергілікті «Анискиннің» жұмысы туралы Бугровое тұрғындары ойымен бөлісті.

Шал ақын ауданының Приишим селолық округінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ринат Байсейітовтің есеп беруі де ашық түрде өтті. Повозочное, Ортакөл, Минеевка, Бірлік – сеніп тапсырылған аумақтағы жағдай туралы учаскелік инспектор полиция басшылығына, аудан әкімі Нұрлан Есімовке және аудан тұрғындарына хабарлама жасады. Жыл басынан Приишим округінде 190 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қылмыстар тіркелген жоқ. Повозочное селосында жергілікті ЖШС басшысы көмегімен 34 бейнебақылау камерасы орнатылып, біразы учаскелік полиция пунктіне қосылды.

Облыстық полиция ведомствосының басшысы Бугровой мен Повозочныйдағы үй-жай мен учаскелік полиция пункттерінің жабдықталуын тексерді. Сондай-ақ екі ауылдық округта да Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметовтің қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Жыл басынан полиция генерал-майоры Берік Біләлов 20 астам селолық округта болып, облыстың 3 000 тұрғындарымен кездесті. Көшпелі азаматтарды қабылдауда 70 тарта адам болды. Бұл шындығында, шалғайдағы ауылдардың полиция жұмысы туралы объективті пікірін білуге мүмкіндік береді.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
632

Еще по теме

СҚО ПД БАСТЫҒЫ 20 АСТАМ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГТАҒЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРДІ - Yvision.kz