Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ТҮНГІ УАҚЫТТА ТЫНЫШТЫҚТЫ БҰЗУДЫҢ 1000 АСТАМ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ

Жұмыстан тыс уақытта тұрғындар тынығуға мұқтаж жандар – балалар, қарт адамдар және сырқат адамдардың барын ұмытып, шулап көңіл көтереді.

Бұл мәселе мереке және демалыс күндері аса өзекті болып кетеді. Мәселен, көп қабатты тұрғын үй тұрғындарының бірі масаң күйде үйдің кіреберісінде Жаңа жыл мерекесін атап өтпекші болған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Тыныштықты бұзу» 437-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, оның санкциясы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

«Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін учаскелік инмпекторлар профилактикалық жұмыстар жүргізеді, - деп атап өтті Петропавл қ. ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Әлібек Ғабдуллин. – Жалға берілетін үйлер мен пәтерлер ерекше назарға алынды (олардың саны қалада 800 астам). Пәтер иелері пәтердің кімге және қандай мақсатта жалға берілетіндігіне мән бермейді. Пәтерлерді тәулікке жалға алған клиенттер өз жеке басының ләззатын өзгелерден артық қояды».

Жыл басынан аталған бап бойынша Петропавлда 1025 құқық бұзушылық анықталды. Қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтауға 98 учаскелік инспектор шығады, яғни әр түн сайын олардың 2-3-уі көршілердің тыныштығының бұзылуына мән бермейтін үй иелерінің үйіне барады деген сөз.

Сондай-ақ учаскелік инспекторлар түрлі есепте тұрған адамдар тұратын үйлердің аулаларын тұрақты тексеріп отырады, ал мұндайлар қала бойынша 3 мыңнан астам, олардың үштер бірі спирттік ішімдіктерді асыра ішуге бейім жандар.

Барлығы 2018 жылы учаскелік инспекторлар СҚО-да 50 мыңдай әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олардың қатысуымен 2489 қылмыстық құқық бұзушылық ашылды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
638

Еще по теме

СҚО ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ТҮНГІ УАҚЫТТА ТЫНЫШТЫҚТЫ БҰЗУДЫҢ 1000 АСТАМ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ - Yvision.kz