Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО МАМЛЮТКА АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА 24 ЖАҢА БЕЙНЕКАМЕРА ОРНАТЫЛДЫ

ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру аясында облыстық полиция ведомствосының басшысы Мамлют ауданындағы қоғамдық тәртіпті сақталудың ұйымдастырылуын тексерді.

Мамлют ауданының құрамында – 11 селолық округ және аудан орталығы Мамлютка қаласы бар. Полиция генерал-майоры Берік Біләлов аудан орталығының Жұмысшы кентіндегі учаскелік полиция пунктінде азаматтарды жеке қабылдауды өткізді. Қабылдауға келген тұрғындарды абаттандыру, сондай-ақ органға қызметке орналасу мәселелері қызықтырды. Аудан орталығының 21-жасар тұрғыны әскерден кейін Мамандандырылған күзет қызметі басқармасына жұмысқа орналасуға ниеттенуде. Полиция ведомствосының басшысы оған заңнама бойынша тестілеу тапсыруға мұқият дайындалуға кеңес берді, себебі заңнаманы білмеу – көп жағдайда сақшылар қатарына қосылуға ниет білдірушілерге кедергі болып жатады. Абаттандыру мәселелері алдағы уақытта аудандық әкімдіктің ТКШ бөлімімен бірге шешу үшін Мамлют ауданы полиция бөлімінің басшылығымен бақылауға алынды.

Аудандық полиция бөлімінде Берік Біләлов автопарктің қысқа дайындығымен танысты. Тәртіп сақшылардың жұмысын ұйымдастырудағы ерекшелік - «Намыс» жеке күзет ұйымы қызметкерлерімен жолға салынған өзара іс-қимыл жасасу болып табылады. Құрамында полиция кешенді күштері бар олардың автопатрулі тәулігіне 24 сағат бойы қылмыстарды және құқық бұзушылықтарды алдын алуда көмек көрсетеді. Облыстың бас полицейі фронт-офис, кезекші бөлім, қызметтік кабинеттерді тексеріп, жылытылатын гаражға және аудандық бөлімнің жылыту қазандығына барды.

Мамлют ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Серік Әлжановтың айтуынша, жергілікті атқарушы билікпен мемлекеттік мекемелерге аудан орталығында 24 бейнекамера орнатуға 250 мың теңгеден бөлінген. Бейне кезекші бөлімнің мониторына қосылған. Бұл қылмыс пен құқық бұзушылықтарды алдын алудың тетігі болды. Жыл басынан ауданда өткен жылмен салыстырғанда, 18 %-ға тіркелген қылмыс азайған. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны 37 %, тонау 50 %, ұрлық 16%-ға төмендеген.

Аудандық тәртіп сақшылар жұмысының сапалы ұйымдастырылуын СҚО ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов те атап өтті. Фронт-офис жұмысының ұйымдастырылуы – аудандық бөлініс жұмысының ашықтығына ықпал етеді. Полиция департаментінің бастығы тәртіп сақшылар құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуімен қатар, полицияға жүгінген әрбір ауыл тұрғынының өтініштерін және мәселелерін шешуде жауапкершілікпен қарау қажеттілігін атап өтті.

Жыл басынан полиция генерал-майоры Берік Біләлов 22 ауылдық округте болып, 3 000 астам солтүстікқазақстандықпен кездесті. Көшпелі азаматтарды қабылдауда 73 адамды қабылдады.

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

-1
0
585

Еще по теме

СҚО МАМЛЮТКА АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА 24 ЖАҢА БЕЙНЕКАМЕРА ОРНАТЫЛДЫ - Yvision.kz