СҚО КРИМИНАЛИСТЕРІНІҢ АРҚАСЫНДА АЛТЫ АЙДЫҢ ІШІНДЕ 751 ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫ
Криминалистер - полиция қызметі жұмысының маңызды бөлігі. Олар жедел уәкілдер, тергеушілермен қатар күн сайын жедел-тергеу топтарының құрамында тәуліктік кезекшілікке түседі. Криминалист-сарапшының міндетіне айғақтарды, заттай дәлелдемелерді жинау және оларды талдау кіреді.
Ішкі істер органдары жүйесінде оларды "погонды интеллектуалдар", "ақ жағалылар" деп бекер айтпайды.
Солтүстікқазақстандық криминалистер жыл басынан бері 8 мыңға жуық жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттеріне қатысты. Олардың ішінде-2100 қылмыс орындарын қарады.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Қанат Оспановтың айтуынша, облыс криминалистерімен 3363 зерттеу жүргізілді. Оның ішінде 164 дактилоскопиялық және 89 трасологиялық зерттеулер оң нәтижесін көрсетті.
Бүгінгі күні СҚО ПД ЖКБ сараптаманың 7 түрін жүргізеді: дактилоскопиялық, трасологиялық, "суық" қару түрлері бойынша сараптама, құжаттарды техникалық зерттеу, баллистикалық және қолжазба мен портреттік зерттеулер. Сондай-ақ, сарапшылар одорологиялық іріктеулерді де (одорология-иістер туралы ғылым) жүзеге асырады. "Қазіргі кезде ҚР ІІМ-нің Алматы қаласындағы Кинологиялық орталығында "одорология" мамандығы бойынша СҚО ПД ЖКБ қызметкері полиция капитаны Талғат Мүсіпов Айка лақап атты қызметтік-іздестіру итімен бірге білім алып жатыр.
Тамыз айында олар үйге оралып, офицер білімін қажет ететін және арнайы оқытылған иісшіл иттердің көмегінсіз ашу мүмкін емес жедел-іздестіру іс-шараларына қатысатын болады", - деді Қанат Оспанов.
Сонымен қатар, криминалистикалық жұмыстың маңызды бір бөлігі - түрлі базаларды толықтыру, үздіксіз жаңартып отыру. Мәселен, "Папилон" автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйесінде жүздеген мың дактилоскопиялық карталар мен қол іздері сақталған. Криминалистер үнемі түзетулер енгізіп, жаңа мәліметтермен толықтырып тұрады. Папилон" АДАЖ-ға 7760 дактокарта, сондай-ақ оқиға орнынан алынған 4 мыңға жуық қол іздері тексеріліп, жүктелді. Тексеру барысында қылмыстық істер бойынша 572 оң нәтиже алынды.
"Қылмыстардың ауыр түрлері бойынша жұмыс жасау кезінде ЖБК қызметкерлері Volkswagen Crafter 50 және"Газель" автокөліктерінің базасындағы екі заманауи жылжымалы криминалистикалық зертхананы пайдаланады. Биыл жылжымалы кримзертханалар 61 рет пайдаланылды, оның 22-сі облыс аудандарында", - деді басқарма бастығының міндетін атқарушы.
Жалпы, СҚО ПД ЖКБ-да 12 офицер, Петропавл қ. ПБ-да - 19, аудандық полиция бөлімдерінде-17 офицер қызмет етеді. Жыл басынан СҚО ПД ЖКБ-ға криминалистикалық есептер бойынша тексеру үшін 3 мыңнан астам тапсырма келіп түсті, оның 1453-нен оң нәтиже шықты. Криминалистикалық есептерді, жиынтықтар мен картотекаларды пайдалану 751 қылмысты ашуға және тергеуге ықпал етті».




СҚО ПД баспасөз қызметі
