СҚО КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІМЕН 100-ДЕН АСТАМ БОРЫШКЕР, АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕУШІЛЕР ІЗДЕСТІРУДЕ
Акцияның басында полицейлердің өндірісінде 117 іздестіру ісі болды: оның ішінде 28 алимент төлемеуші, 60 борышкер бар. Қалған 29 азамат «туыстық қарым-қатынастарын жоғалтқан тұлғалар» санаты бойынша іздеуде жүр. Өткізіліп жатқан акцияның мақсаты – іздеудегі тұлғалардың жүрген жерін анықтау жұмысын нығайту.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция майоры Талғат Әбіловтің айтуынша адамды іздеуге жариялау туралы сот ұйғарымы келіп түскеннен кейін қызметкерлер іздестіру ісін ашады. Тұруы мүмкін мекенжайлар тексеріледі. Іздеудегі тұлға табылған жағдайда, түсіндірме алынады, аталған іздестіру ісін тоқтату үшін қажетті құжаттар жинастырылып, тиісті органдарға жолданылады.
Сондай-ақ, рейд кезінде көші-қон қызметінің қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді. Азаматтарға мамандардың байланыс телефондары үлестіріліп, Көші-қон қызметі орталығында қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат береді. Сондай-ақ, борышкерлер мен алимент төлемеушілерге қарыздан жалтару салдары түсіндіріледі. Мәселен, борышкер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тек қарызын өтеген жағдайда ғана шыға алатынын еске салады. – дейді Талғат Әбілов.
Акция басталғалы облыс полицейлері іздестірудегі 22 адамның жүрген жерін анықтады, оның ішінде 8 алимент төлемеуші, 8 борышкер және туыстық қарым-қатынастарын жоғалтқан 6 адам. Көші-қон қызметі басқармасының полицейлері осындай іс-шараларды үш айда бір рет өткізеді.


СҚО ПД баспасөз қызметі
