Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО-да ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АРАСЫНДА ӨТКЕН ШАҒЫН ФУТБОЛ САЙЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Он команда шағын футболдан үздік атану үшін сайысқа түсті.

Шағын футбол - әлемдегі танымал спорт түрлерінің бірі. Командада ойнай білу қабілетімен қатар, ойыншыға төзімділік, сондай-ақ ерекше ойлау арқылы ойынның әдіс-тәсілдерін ойластыру қабілеті де қажет. Бұл қабілеттер полицейлердің күнделікті қызметінде де аса бағалы. Сайыс шілденің аптабында, екі күн бойы өткізілді.

«ҰҚКД командасы аталған спорт түрінен бірнеше жыл қатарынан үздік атанып келеді. Командалар үш кіші топқа бөлінді. Екі кіші топтан екі команда шығады. Кіші топтардан шыққан алты команда өзара сайысты жалғастыратын болады», - дейді «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы облыстық филиалының бас маманы Галина Скорых.

Сайыс қорытындылары бойынша үшінші орынды облыстық ТЖК командасы алды. Екінші орын Полиция департаментіне бұйырды. Өздерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ҰҚКД спортшылары үздік атанды. Ең үздік қорғаушы полиция қызметкері Максим Пенский, үздік қақпашы – Аслан Жәменов, сайыстың үздік ойыншысы – Рүстем Телегенов атанды. Погондағы спортшылар ұйымдастырылған спорттық мерекеге алғыстарын білдірді. Спорт бөліністер арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, төзімділік пен командадағы бірлікті сыңға алды.

Сондай-ақ, солтүстікқазақстандық динамошылар арасында самбо күресінен сайыстар жоспарланып отыр.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
456

Еще по теме

СҚО-да ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АРАСЫНДА ӨТКЕН ШАҒЫН ФУТБОЛ САЙЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ - Yvision.kz