Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО-ДА ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ 100-ДЕН АСТАМ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«Ағаштарды заңсыз кесу, шабу, заңсыз аңшылық жасау, су жануарларын аулау, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің айналымы фактілерін анықтау мен олардың жолын кесу, сондай-ақ, экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді», - деді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы Табиғатты қорғау полициясы бөлімінің аға инспекторы полиция майоры Сергей Липко.

...Мағжан Жұмабаев ауданында ағаштарды заңсыз кескені үшін Булаево қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол Медвежка ауылының маңында 304 қайың мен 47 түп көктеректі тиісті рұқсатсыз кескен. Шығын көлемі 270 мың теңгені құрады. Енді ер адам 400 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуі немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Әрі келтірілген шығынды да өтейді.

Тимирязев ауданында балықты заңсыз жолмен аулағаны үшін Қостанай облысының екі тұрғыны да айыппұл төлеуі мүмкін. Олар браконьерлік жолмен 300 килограммнан астам шортан, мөңке мен алабұға аулаған.

Жедел-профилактикалық іс-шараның бес күні ішінде табиғатты қорғау заңнамасының 117 бұзушылығы анықталды. 27 адам балықты заңсыз аулағаны үшін және балық аулау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды.

Тәртіп сақшылары жабайы аңдар мен құстар аулауға қазіргі кезде тыйым салынатынын және рұқсат беретін құжат болған жағдайда ғана балық аулауға жол берілетінін естеріңізге салады.

0
0
420

Еще по теме

СҚО-ДА ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ 100-ДЕН АСТАМ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ - Yvision.kz