Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО-да ШАЛҒАЙ АУДАННЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЭЛЕТРОНДЫҚ ПЛАНШЕТТЕРМЕН ЖӘНЕ РАЦИЯЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ

Іс-шараларға толы жұмыс кестесін полиция полковнигі Марат Төлебаев 3 мыңнана астам адам тұратын 7 ауылы бар Чистопол ауылдық округiнде азаматтармен кездесуден бастады. Марат Төлебаев Мемлекет басшысының халыққа Жолдауының негізгі бағыттары мен облыстағы криминогендік жағдайға тоқталды. Облыстық полиция ведомствосының басшысы аудандағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тек полиция бөлімі ғана емес, тұрғындар да атсалысып, үлестерін қосуы қажет екенін және полиция қызметін дамытуда тұрғындардың беретін бағасының маңызды екенін атап өтті. Учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Владиир Синицын ауыл тұрғындарын өзімен атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Жыл басынан округте 21 қылмыс пен 318 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарлама шеңберінде учаскелік полиция инспекторлары кәсіпорындар мен ауыл шаруашлығы құрылымдарының басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде бүгінгі таңда ауылдық округте ірі ауылдарды, мектептер мен дүкенді қамтитын 92 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді.

Марат Төлебаев қару иелеріне бақылауды күшейтуді, сондай-ақ, өткен жылдар санатындағы қылмыстарды ашу мен мал ұрлығының алдын алуды жандандыруды тапсырды. Бұл бағытта бірлескен жұмыстар атқарылуда. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан полиция қызметкерлерінің жұмысын жетілдіру бойынша көмек көрсетіледі. Аудандық полиция бөлімінің жабдықталуы есептік кездесу барысында қосымша құралдармен толықты. Аудан әкімі Ағзам Тастеміров Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айдос Ідірісовке тасымалды 20 рация мен 5 электронды планшет табыс етті.

Азаматтардың жеке мәселелерін тыңдау барысында Марат Төлебаев Чистополье ауылының 5 тұрғынын қабылдады. Ауыл тұрғындарының бірі поселкелік полиция бөлімшесінің жұмысына алғыс білдіре келіпті. Барлық өтініштер бойынша түсініктеме беріліп, олардың әрқайсысын егжей-тегжейлі тексеру тапсырылды. Сонымен бірге, ауылдықтар үшін ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру жөніндегі полицияның ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс істеді. СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев кәсіптік бейіндеуге арналған баяндамасында ішкі істер органдарына үміткерлерді қабылдауға және жастардың Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына білім алуына қойылатын талаптарды айтып өтті. Кездесу соңы ведмостволық мәдени орталықтың әртістері дайындаған концертке ұласты.

Дәл осы күні Марат Төлебаев жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шөптікөл арнайы мектеп-интернатына да ат басын бұрды. Өңірдің бас полицейі балаларға оқу жылының сәтті өтуін тілеп, тәртіп сақшыларының атынан шағын теннис үстелі мен басқа да спорттық құрал-жабдықтар тарту етті. Мұнда да кездесу соңында концерт ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама облыстың шалғай орналасқан аудандарының бірінің тек балаларына ғана емес, мектеп-интернаттың ұжымына да көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Тұрғындармен өтетін кездесулердің әрқайсысында азаматтардың көкейінде жүрген сұрақтары мен проблемалары тыңдалады, кәсіптік бейіндеу жұмыстары мен тұрғындар алдында есеп беру өткізіледі.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
333

Еще по теме

СҚО-да ШАЛҒАЙ АУДАННЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЭЛЕТРОНДЫҚ ПЛАНШЕТТЕРМЕН ЖӘНЕ РАЦИЯЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ - Yvision.kz