Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО-ДА ПОГОН ТАҚҚАН ҮЗДІК ПАЛУАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысында құқық органдарының қызметкерлері арасында Qazaq kúresi бойынша ҚР Ішкі істер министрлігінің Чемпионаты өтті. Александр Винокуров атындағы Спорт сарайында Qazaq kúresi бойынша ҚР ІІМ-нің екінші Чемпионатының және «Динамо» ДШСҚ ОҚ VIII Өңіраралық спартакиадасының ашылу салтанаты болды. Спортшылардың басым бөлігі - ІІМ және еліміздің барлық Полиция департаменттерінен келген құрама командаларының полицейлері. Сондай-ақ, жарысқа Төтенше жағдайлар комитетінің, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері, ҚР Ұлттық ұланы және ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері қатысты.

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне облыс басшылығы, СҚО құқық қорғау органдарының басшылары, «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы орталық кеңесінің өкілдері, Qazaq kúresi федерациясының президенті Арман Шораев, жеке құрам және полиция ардагерлері қатысты.

Республикалық Чемпионаттың бірінші күнінде 80 килограм және одан жоғары ауыр салмақтағы спортшылар белдесті. Жарыстың екінші күні жеңіл салмақта үздіктер анықталды, сондай-ақ шешуші белдесулер өтті.

«Динамо» ДШСҚ орталық кеңесі төрағасының бірінші басшысы Асқар Омарқұлов республикалық жарыстың алдында ІІМ барлық бөліністерінде, сондай-ақ арнайы және күш құрылымдарында өңірлік іріктеу кезеңінін өткізілгенін атап өтті. Жарыстың негізгі мақсаты – ІІМ қызметкерлерінің дене шынықтыру даярлықтарын арттыру, күрес тәсілдерін жетілдіру, үздіктерді анықтау және салауатты өмір салтын насихаттау. «Осындай жарыстар қызметкерлердің даярлық деңгейіне жағымды әсер етеді деп ойлаймын. Қазақ күресі сырт көзге әсерлі, тартысқа толы болғанымен, күрестің практикалық мәні ерекше, себебі қазақ күресін жетік меңгерген құқық қорғау органдарының кез-келген қызметкері қылмыскерге тосқауыл бола алады», - деді Арман Шораев.

Погон таққан үздік палуан атағы үшін күрес тартысты болды. 82 кг салмақ дәрежесінде Жамбыл облысы Полиция департаментінен келген Әмір Хабибуллаев үздік атанды. 90 кг салмақта – Ақмола облысынан Әсет Жүнісов, 100 кг дейін – Алматы облысынан Александр Косачев жеңімпаз болды. Ауыр салмақтағылардың ішінде үздік болып Қарағанды облысы Полиция департаментінен келген Самат Амантаев атанды.

Командалық есептің жеңімпаздарын облыстың бас полицейі Марат Төлебаев марапаттады. Екінші және үшінші орынды иеленгені үшін Қарағанды және Жамбыл облысының командалары диплом, кубоктармен марапатталды. Екі күндік жарыс нәтижесі бойынша бірінші орын ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің командасына бұйырды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
496

Еще по теме