Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СҚО-ДА 80 ШЕТЕЛДІК «ОРАЛМАН» МӘРТЕБЕСІН ҰЗАРТТЫ

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің 2019 жылғы 16 наурыздағы тапсырмасына сәйкес «оралман» мәртебесінің мерзімі өткен этникалық қазақтарға жеңілдетілген тәртіппен ҚР азаматтығын беру бойынша түбегейлі шаралар кешенін іске асыру қажет»», - деп СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев көші-қон қызметі қызметкерлеріне бағдар берді.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында тұруға ыхтиярхаты бар 531 этникалық қазақтар тұрады. Полицейлер оларға оралман мәртебесін ұзартуға немесе ресімдеуге, алдағы уақытта жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға болатындығын түсіндірді. Осындай мүмкіндікке 80 шетелдік ие болды. РФ Қорған облысынан Солтүстік Қазақстан облысына келген зейнеткер 2017 жылы тұруға ыхтиярхат ресімдеген. Сол жылы бір жылға оралман мәртебесін алған. Қазір ол бұл мәртебесінің мерзімін ұзартқан, енді ҚР азаматтығын алуға құжаттар тапсыруды жоспарлап отыр. «Мәртебеснің мерзімі өткен оралмандар жергілікті атқарушы органға оның уақытын ұзарту үшін жүгінулеріне және жеделдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін ішкі істер органына құжаттарын тапсыруына болады», - деді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция майоры Талғат Әбілов.

Жыл басынан СҚО-да ҚР азаматтығын алуға бұрын тұруға ыхтиярхаты бар 64 этникалық қазақ құжат тапсырды. Өңірде тұратын 80 астам шетелдік азамат биылғы жылы ҚР азаматтығын алды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
595

Еще по теме