СҚО-ДА 300-ГЕ ЖУЫҚ ТТО ОБЪЕКТІЛЕР ТЕКСЕРІЛДІ
Өңір аумағында 500-ден астам объекті, оның ішінде халық жаппай жиналатын орындар орналасқан.
Биылғы жылдың басынан СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 283 объектіні тексерді. Жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша бұзушылықтарды жою туралы 87 ұйғарым шығарылды.
Терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін ТТО объектілердің 11 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ҚР ӘҚБтК 149-бабымен көзделген бір жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылады. Жалпы салынған айыппұлдардың саны 3 миллион теңгеден артық соманы құрады.
Тайынша ауданындағы объектілердің бірінің басшысы бұзушылықты қайталап жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Дәмхана иесі 757 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлеуіне тура келеді. Сот бұл мекеменің бар бұзушылықтарын жойғанша қызметін, нақты бейнебақылау жүйесін орнатуды тоқтатты.
«Бұзушылықтардың негізгі бөлігі бейнебақылау жүйесімен жеткіліксіз жабдықталуына байланысты болды. Сондай-ақ, тексеріс кейбір объектілердің басшылары күдікті заттарды тауып алу кезінде, адамдарды кепілге алған кезде, қойылған жарылғыш құрылғылар туралы хабарлама түскен кезінде қызметкерлермен олардың іс-әрекеттері мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізбейтіндігін көрсетті», - дейді СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция майоры Руслан Мұхамбетжанов.
СҚО ПД баспасөз қызметі
