С И М В О Л Б Е З З А В Е Т Н О Г О С Л У Ж Е Н И Я С В О Е Й Р О Д И Н Е И Н А Р О Д У
Е Л І М, Ж Е Р І М Д Е П Е Ң І Р Е Г Е Н Қ А З А Қ Т Ы Ң А Р Д А Қ Т Ы А Р Ы С Ы – Ж Ұ М А Б Е К Т Ә Ш Е Н О В
Әр халықтың тарихы оның тұлғаларымен жазылады, сондай Қазақ елі үшін отқа күиіп, Отан үшін жанын пида етіп елім, жерім деп еңірегендердің бірі – Жұмабек Тәшенов екені даусыз. Кеңес Одағы кезінде орталықтың өктем саясатына қарсы тұрып, Атамекенін бөлшектетпей, қайсарлық көрсету әркімнің қолынан келетін шаруа емес еді.
Тарих Жұмабек Тәшеновтің туған жерге ғана емес, сонымен бірге ана тілімізге, қазақ баспасөзіне үлкен жанашыр болғанын біледі. Тың игеру 1960 жылдары Солтүстік Қазақстандағы бес облыстық газеттер жабылып, республикалық қазақтілді басылымдардың-да басына қауіп төнді. Тәшенов ерен жігер танытып «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») және басқа да қазақ газеттерін жабылу қаупінен сақтап қалды. Әлбетте, туған халқының, ұлт тілінің тағдырына араша түсіп, кемелділік танытып, өзінің нарлығын да, арлылығын да көрсеткен ардагер ағаның арқасында қазақ газеттері солақай саясаттың сойылынан сақталып қалғанды.
Жұмекең қазақтың барлық шығармашылық адамдарына, дарынды тұлғаларына қамқорлық жасаған. Мәселен, 1958 жылы қазақ өнері мен әдебиетінің Мәскеудегі онкүндігін жоғары деңгейде өткізуге үлкен күш-жігер жұмсап қана қоймай, бес бірдей қазақ өнерпаздарына: Қ. Қуанышбаевқа, Р. Жамановаға, Е. Серкебаевке, Ш. Аймановқа, М.Төлебаевке ең жоғары атақ – КСРО Халық артисі атағын алып беруде де Жұмабек Тәшенов үлкен қажырлылық көрсеткен. Сондай-ақ, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романына Лениндік сыйлық берілуіне-де көп күш салған.
Алматыдағы Қонаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы халықтың арасында «Тәшеновтің үйі», деп аталып кеткен 120 пәтерлік үлкен заманауи үлгімен салынған үйді түгелімен өнер мен әдебиет қайраткерлеріне Тәшенов бергізген. Бұл үйге кірген атақтылардың ішінде Ілияс Омаров, Бибігүл Төлегенова, Гүлфайруз Ысмаилова, Құрманбек пен Шолпан Жандарбековтер, Шара Жиенқұлова, Жүсіпбек пен Хабиба Елебековтер, Зейін Шашкин және т.б. өнер адамдары болды.
Алматының ең үлкен көшесін Абайдың атымен атауды және көшенің ең төріне ақынның алып ескерткішін қоюды ұсынып ұтымды сөзбен ұғынықты дәлел келтірген. Жұмекеңнің уәжіне мәскеудегілер амалсыз мойынсұнып, Абайдың атымен көше атауға және ең қымбат тас граниттен алып ескерткіш орнатуға рұқсат берген екен.
Ол жылдары жергілікті тұрғын халықтың мүдделері онша ескеріле бермейтін. Басшы кадрларды да Мәскеу тағайындайтын. Партиялық биліктің бірінші және екінші хатшы қызметтеріне ұлттық кадрлар өкілдерін жібермейтін. Мәселен, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Леонид Брежнев Орталық Комитеттің бірінші және екінші хатшылығына И.Яковлев пен Н.Журиннің кандидатуралары ұсынылатынын хабарлайды. Оған Ташенов қарсы шығып Қазақстан Компартиясының хатшысы Фазыл Кәрібжановті ұсынады, сөйтіп «Орталықтың» ұлт кадрлары жөніндегі теріс саясатын бұзады. Араға тағы екі жыл салып Д. Қонаев Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы болады, Х. Бектұрғанов – Ақтөбеге, А. Асқаров – Жамбылға, Е. Әуелбеков – Солтүстік Қазақстанға, Б. Әшімов – Көкшетауға, О. Қозыбаев – Қостанайға хатшылыққа өсіріледі.
60-жылдардың бас кезінде КОКП-ның Бас хатшысы, көріңде өкіргір, Хрущев Қазақстанның бес облысы (Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар) кірген «Тың өлкесі» деп аталатын құрылым арқылы өлкені тікелей орталыққа (Ресейге) бағындырып, іс жүзінде қазақ жерін күштеп бөлшектеуге жанталаса ұмтылып республиканың аумақтық тұтастығына айтарлықтай қатер төндіреді. Хрущевтің бұл экспансиялық саясатына Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Ж.Тәшенов батыл қарсы шықты. Тәшенов оған қарсылығын білдіріп: «Мұндаймен ешбір қазақ келіспейді. Мен осындай мәселені шешу түгілі, көтерудің өзіне қарсымын», дейді. Бұған шамданып қалған Хрущев «Қай республикаға қандай жерді беру керектігін біз сізден, Тәшенов, сұрамай-ақ шеше аламыз! Сенің біріншіңнің (Қонаев) келісімі бар» дегенде, Тәшенов оған қарсы: «Біріншіден, бұл КСРО Конституциясының талабына қайшы, екіншіден біз Халықаралық ұйымдарға шағым жасауға мәжбүр боламыз», дейді тайсалмастан. Сөйтіп, қайсар Жұмекең Қазақстанның аумақтық тұтастығын сақтап қалады.
Ал Тың өлкесін басқарып отырған Т. Соколовтың 1960 жылдың аяғында Қазақ үкіметінің билігін мойындағысы келмей, қиқарланып, Мәскеуге бұра тартқанын естігенде, Жұмабек Тәшенов ұшып келіп: «Жолдас Соколов Қазақстанға бағынғың келмесе, 24 сағаттың ішінде бұл жерден табаныңды жалтырат! Есіңде болсын, Тың өлкесі ешқашан да Ресейге берілмейді, ана жақтағы бастықтарыңа да солай деп айт», дейді.
1950 жылдары зұлым Хрущевтің Қазақстанды паршалау жөніндегі зымияндық саясатына – Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық, Мақтаарал аудандарын өзбек еліне беруге Жұмабек Тәшенов қарсы шықты. Дәл сол кезде Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы болған Жұмабек Тәшенов өзі төрағалық етіп, осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрған. Комиссия қорытындысы бойынша: «Бостандық ауданының жері мал өсіруге ыңғайлы, құрылыс материалдарын өндіруге, су-энергетикалық қоры мол, қорғасын, көмір және машина жасау өндірістерінің жұмыскерлері демалатын шипажайлар ұйымдастыруға өте қолайлы. Сондықтан бұл ауданды Өзбекстанға беруді қолайсыз санаймыз», деген шешім шығарады.
1961 жылы зымиян Хрущевтің жаңа зұлымдық жоспары бойынша, оңтүстік өңірлермен қоса, Маңғыстау облысы Түрікменстанға берелетін болып шешіледі. Тәшенов осы шешімдердің барлығына ашық қарсы шығады. Осылайша Хрущевтің шешімдерінің дұрыс еместігін дәлелдейді. Бұл Қазақстанның аумақтық тұтастығын сақтап қалуға көмектесті. Мұндай әрекет Тәшеновке өте қымбатқа түсіп, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатылады.
Жұмабек Тәшенев алғашқылардың бірі болып жаппай қырып жою қаруының Семей ядролық полигонында сыналуына да қарсы болған, ол жалпы Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірген.
Сондай-ақ, Тәшенев Жұмабек репрессия құрбандарын ақтау жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы боп, атылып кеткен арыстардың адал есімдерін қоғам өміріне қайтару ісіне, сол шақта сталиндік лагерьлерде жүрген ғалымдар мен ақын-жазушыларды тез босатуға белсенді түрде атсалысқан. Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің шығармаларын тездетіп оқырманмен қайта қауыштыруға септескен. Азулы ақын Мағжан Жұмабаевтың жесірі Зылиха апайға Алматыдан пәтер бергізген.
Бүгінде тәуелсіз Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде 9-шы орынды иеленіп отырғанын ескерсек – ол халқының қадірлі ұлы Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің арқасы. Ол Қазақ жерінің талан-таражға салынып кетпеуіне Ресей мен басқа да республикаларға күшпен таратылып берілуіне бірден-бір қарсы тойтарыс берген қазақтың біртуар ұлы!
Ж У М А Б Е К Т А Ш Е Н О В – С И М В О Л Б Е З З А В Е Т Н О Г О С Л У Ж Е Н И Я С В О Е Й Р О Д И Н Е И Н А Р О Д У
Историю народа пишут личности таким является Жумабек Ташенов, который положил голову на плаху ради своего народа и Родины. Он один противостоял имперской политике Советского Союза по расчленению Казахстана.
Как нам известно Жумабек Ташенов был защитником не только родной земли, он также проявлял заботу о родном языке и национальным издательствам. В 1960 годы в период освоения целины по указанию «Центра» были закрыты газеты всех пяти областей и нависла угроза закрытия всех изданий на казахском языке. Благодаря смелой настойчивости Ташенова газеты: «Казак адебиети», «Сциалистик Казахстан» (ныне «Егемен Казахстан») и другие издания на казахском языке были спасены.
Жумабек был опорой и заботился о всех творческих и талантливых личностях республики. К примеру, он не только оказывал помощь высокой организации и подготовке декады национальной культуры в Москве 1958 года, но и способствовал о присвоении пяти деятелям культуры Казахстана: К. Куанышбаеву, Р. Жамановой, Е. Серкебаеву, Ш. Айманову, М. Төлебаеву высокого звания – народный артист СССР. Также оказал влияние для получения Ленинской премии роман-эпопее «Абай жолы» Мухтара Ауезова.
В Алматы Ташенов обеспечил квартирами в большом 120 квартирном доме по адресу Конаева и Кабанбай батыра прозванный в народе «Дом Ташенова» деятелей культуры Казахстана: Илияса Омарова, Бибигул Толегенову, Гулфайруз Исмаилову, Курманбека и Шолпана Жандарбековых, шара Жиенкулову, Жусипбека и Хабибы Елебековых, Зеина Шашкина и многих других.
Ташенов, также внес предложение и убедительно обосновал одну из центральных улиц Алматы назвать именем Абая и установить большой памятник из дорогого материала – гранита великому Абаю. Руководство в Москве вынуждено было согласиться с этим предлжением.
В то время на руководящие должности назначали из Москвы, интересы и мнения местного населения не учитывались. На руководящие партийные посты представителей местного населения не выдвигали. Например, Первый секретарь ЦК компартии Казахстана Леонид Брежнев сообщает, что он на должности первого и второго секретарей ЦК выдвигает Н. Журина и И. Яковлева, но с этим не соглашается Ж. Ташенов и предлагает кандидатуру Ф. Карибжанова, таким образом он прерывает порочную практику «Центра» по назначению руководящих кадров. По происшествии двух лет Д. Конаева назначают Первым секретарем ЦК КП Казахстана, в Актобе Х. Бектурганова, в Жамбыл А. Аскарова, в Северный Казахстан Е. Ауелбекова, в Кокшетау Б. Ашимова, а О. Козыбаева вторым секретарем Костаная.
В начале 60-х годов генеральный секретарь ЦК КПСС Хрущев вынашивая коварный план расчленения Казахстана образует целинный край из пяти: Акмолинской, Кокшетауской, Костанайской, Северо-Казахстанской и Павлодарской областей с целью присоединения их к «Центру» (России). Этой политике экспансии Хрущева смело противостоял Председатель Совмина Каз. ССР Жумабек Ташенов, который генсеку сказал: «С этим никакой казах не согласится и я против не только решению вопроса о присоединении указанных территорий к России, но даже постановке такого вопроса». Не ожидав такого ответа Хрюша (Хрущев) яростно прощипел: «Какую землю кому отдать мы без тебя решим, ведь твой первый согласился (Конаев)». На это Ташенов сказал: «Во-первых это противоречит Конституции СССР, во-вторых мы вынуждены будем обратиться к международным организациям». Таким образом, Жумабек отстоял территориальную целостность Казахстана.
В конце 1960 года руководитель «Целинного края» Т. Соколов не признавая власть Республики начал исполнять указания Москвы. Тогда Жумабек Ташенов ему приказал: «Если не хочешь подчиняться власти Казахстана, то тебе предоставляю 24 часа, чтобы покинуть Республику и запомни целинный регион никогда не будет отдана России и это передай своему руководству в Москве».
В 1950 году Жумабек Ташенов другой раз противостоял низменному плану Хрущева по расчленению территорий Республики о передаче узбекам Бостандыкского, Мактааральского районов Южно-Казахстанской области. Тогда Ташенов будучи Председателем Президиума Верховного Совета Каз. ССР создал комиссию по этому вопросу, которая представила заключение: «В этих районах есть большие водно-энергетические запасы и очень удобны для производства строительных материалов, животноводства, а также для строительства санатория, где могли бы поправить свои здровья рабочие машиностроительной промышленности, по добыче угля и свинца. В связи с этим, считаем нецелесообразным передачу этих районов Узбекистану».
В 1961 году еще раз по лукавому плану злоумышленника Хрущева решили Мангыстаускую область передать Туркменистану Ташенов открыто выступил против этого плана, доказав ошибочность такого решения Жумабек отстоял территориальную целостность Казахстана. Но это подвиг ему дорого обошлась – Ташенова освобождают от должности Председателя Совмина Каз. ССР.
Жумабек Ташенов одним из первых был против испытания оружия массового поражения на ядерном полигоне в Семипалатинской области, он был вообще противником любого испытания ядерного оружия в Казахстане.
Ташенов Жумабек возглавляя республиканскую комиссию по реабилитации жертв политических репрессий способствовал освобождению из сталинских лагерей осужденных ученых, поэтов и писателей, также реабилитации всех жертв политических репрессий. Он также оказал влияние скороейщему возвращению читателям произведений классиков национальной литературы Сакена Сейфуллина, Илияса Жансугурова, Беймбета Майлина. Жумабек выделил квартиру в Алматы вдове Великого поэта Магжана Жумабаева Зылиха апай.
Сегодня независимый Казахстан по размеру территории занимает 9-ое место в мире эта заслуга одного из выдающихся личностей Республики – Великого Жумабека Ташенова, который не позволил расчленению территории Казахстана, сохранил казахскую землю.
