Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада

Shakenova September 18, 2013
5047
0
34
0

Осы  жарқын дүниеге келе салысымен ата-анамыз бізді қанаттыға қақтыртпай, тұмсықтыға шоқтыртпай, мәпелеп өсіреді. Бақшаға гүл отырғызып, өсіргендей бізді өмірлерінің ең бір маңызды бөлшегіне...

   

Осы  жарқын дүниеге келе салысымен ата-анамыз бізді қанаттыға қақтыртпай, тұмсықтыға шоқтыртпай, мәпелеп өсіреді. Бақшаға гүл отырғызып, өсіргендей бізді өмірлерінің ең бір маңызды бөлшегіне айналдырып, аялап, мерейіне бөлейді. Біз дүниеге келген сәттен бастап олар өздері үшін емес, біздер үшін өмір сүреді. Не істесе де біздер үшін істейді.

Кішкентай кезімізден бастап бізді  өмірге үйрететін ол ата-анамыз. Қазір біз неше түрлі тағамның дәмін татып, астан ағзамызға арнайы энергия қорын жинаймыз.  Ал  тамақтану үшін сол қарапайым қасықты қолымызға ұстатып үйреткен ата-анамыз. Біздің жастар киім талғауда да шебер,сол киімді киюді де үйреткен ата-анамыз. Өз пікірімізді айтып, ойымызды еркін жеткіземіз, қарап тұрсақ сөйлеп те үйреткен ата-анамыз. Бір жағынан  осындай түкке тұрғысыз жәйттар,  шынында қасық, киім, сөздердің бұған қатысы шамалы.Бұл тек мысалдар ретінде айтылған, алайда біздің басқан әр қадамымыз, өміріміздің әр мезеті ата-анамызға байланысты. Өйткені бізді өмірге үйретіп, оның қуанышын ашық та жарқын қылып көрсететіп, мұңыменен қайғысынан қорғап, қашан да демеу болатын ата-анамыз. «Бала мен алма» әңгімесінде алма ағашы түгін қалдырмай бәрін балаға береді, ал бала ағаш үшін ештене істемейді.Ақыры соңында ештенесі қалмаса да, баланың кәрілік кезінде де ағыштың пайдасы тиіп, отыратын орындыққа айналды. Сол сияқты ата-анамыз   алма ағашы болса, біз – баламыз.

Уақыт зымырап өтуде, бұрын біз ата-анамыздың қамқорлығына бөленсек, ендігі кезекте біз оларға қамқор болуымыз керек.Кезінде олар біз үшін аянбай еңбек етіп, тер төксе, енді біз ата-анамыз алдындағы өз парызымызды өтеу керекпіз. Біз не істесек те, қандай қадам жасасақ та ата-анамыздың алдында мәңгі өтелмес қарыздардамыз. Өкінішке орай, бұны көбіміз әрдайым есте ұстамаймыз, жиі ұмытып жүреміз.  Ал ата-ананың жүрегі өте нәзік, сезімтал келеді. Олар бәрін сыртқа шығарып, тіс жармаса да осындай кездерде көңілдеріне қаяу түседі. Қанша айтқанмен біз оларды түсіне алмаймыз, түсінуге тырыссақ та дәл олардың күйіне енуге біздің қолымыздан келмес. Кейін өзіміз ата-ана болғанда ғана оларды ұғарлық күйге жетеміз.

Бала  - ата-ананың арманы, самғап ұшар қанаты. Бала өсе келе олардың арманы да ұлғаяды. Өзіміздің арманымыз орындалмаса қайғы, өкініш өзегімізді өртеп жібереді. Сол үшін ата-анамыздың үмітін ақтауға тырысайық, олардың орасан зор еңбегін жоққа шығармай, әрдайым қуаныш сыйлап отырсақ жақсы болар еді...Әке – отбасының тірегі, отбасының өзі осы әкеден бастау алады.  Әкемізге арнап сөз айтсақ,

 

Өмірдің түзу жолын сен көрсеттің,

Саған бақыт биік шыңға жеткенім.

Адал болғын, ақ ниетті көздеген,

Деп соғады, әке, сенің жүрегің.

 

Жан әке, асқар тауым сен менің,

Өрлігіңен қуат алып келемін.

Мен –тал шыбық,сен – ормансың қорғаным,

Көкке бойлап өсу менің арманым.

 

Өзің барда қуаныш та, бақ та бар

Мен гүл болсам,сен –құнарым нәр алар.

Мендегі бар ізгіліктің ұшқыны

Әке, сенің тұнығыңнан басталар. – десек те болады. « Әке – отбасның президенті болса, ана- денсаулық министірі, қаржы министірі,мәдениет және төтенше жағдайлар министірі т.б. болып табылады» деп саналады емес пе?! Әр адамның жүрегінде  ана мен әкенің орыны бөлек...Ана  мейірімімен, аяулы алақаныменен біздің дүниемізді ерекше шапағатқа, нұрға бөлейді. Жаңа әке – отбасының тірегі десек, ана- отбасының ошағы, әрдайым бізді өзінің жылулығына бөлейді. Сондықтан да ата-анамызды ренжітпейік, аядап, мәпелейік...

 

Оцените пост

32